21 желтоқсан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі, 21 желтоқсан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға жасалған шолуды ұсынады.

АСТАНА

9:00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақүйінде «Қызмет сапасы-қоғамдық бақылау алаңы» тақырыбында конференция өтеді.

10:00-де ҚР Парламент Сенатының кезекті отырысы өтеді.

10:30-да «Астана Марриотт» қонақүйінде 2017 жылғы жастар корпусының дамуы жобасының аясында жүзеге асырылған, жастардың әлеуметтік жобалары форумы басталады.

11:00-де Мәжілісте «Халықтық коммунистер» фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді. Онда Қазақстандағы мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелері талқыланатын болады.

14:00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» («Рухани жаңғыру») мақаласына ең үздік дизайнерлік байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шарасы өтеді.

14:30-да «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты ғимаратында партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Онда Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бесінші басымдықтың жүзеге асырылу барысы мен Қызылорда облысындағы «2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» атқарылу барысы талқыланады.

14:30-да Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жастар саясаты Кеңесінің XX жаңа құрамдағы отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

11:00-де ҚР Ұлттық кітапхананың Н. Даулетова атындағы көрме залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай «Қазақтың Ұлы жазушысы» атты кеш өтеді.

11:30-да Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаевтың қатысуымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баспасөз-мәслихаты өтеді.

16:00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттің өнер мұражайында Ресейдің қазіргі сүретшісі Петр Фроловтың «Круговорот» көрмесі өтеді.

Соңғы жаңалықтар