21 жастағы қазақстандық дизайнер Лондонда өз топтамасын таныстырды

None
Фото: Silk Road Fashion show
Қазақстандық жас дизайнер Лааль Авгамбаева Лондонда өткен Silk Road Fashion сән қойылымында өз топтамасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенбі күні Лондонның 250 жылдық тарихы бар De Vere Grand Connaught Rooms қонақүйінің үлкен залында Әзербайжан, Ұлыбритания, Қазақстан және Қырғызстаннан келген дизайнерлер британдық талғампаз жұртшылықты таңқалдырып, шабыттандырды.Сән көрсетілімін 2018 жылдан бері Лондонда Silk Road Fashion сән қойылымын өткізіп жүрген қазақстандық продюсер Алма Фамэ ұйымдастырды. Сән көрсетілімінің басты мақсаты - идея алмасу, Жібек жолы елдерінің дизайнерлерін ілгерілету және әлемдік сән қауымдастығын дамыту.


Silk Road Fashion сән көрсетілімі сән әуесқойларының армандары мен қиялдарын жүзеге асырды.
Айта кетсек, бұл күндері Ұлыбритания астанасында жаһандық сән индустриясының басты оқиғаларының бірі – Лондон сән апталығы өтуде.
Сән тілімен бейнеленген қазақ тарихы мен ұлттық мәдениеті қазақстандық кутюрье, 21 жастағы Лааль Авгамбаеваның топтамасынан көрініс тапты.
Көшпенділердің өмір салты мен Ұлы дала табиғатынан шабыт алған қазақстандық модельердің Ұлыбритания астанасына жол шығынын талантты жастарға арналған «ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM» гранты ішінара өтеді.


Оның сән көрсетілімінде ұсынған көшпелі стильде тоқылған киімі ерекше тартымдылық пен ерекшелік берді. Көне және қазіргі заманның, дәстүр мен заманауилықтың, дала сәні мен көше стилінің үйлесімі қазақстандық дизайнердің топтамасын ерекше етті.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін тәмамдаған Л.Авгамбаева сән көрсетіліміне қатысуын шетелдік әріптестерімен пікір алмасу ғана емес, сонымен қатар Лондонда білім алу үшін ақша табу жоспарымен түсіндірді.
«Мен Лондон өнер университетінен шақырту алдым. Бұл ЖОО мені үш жылдан бері оқуға шақырады, бірақ осы уақыт бойы оқуға ақша жинауға тырыстық. Өкінішке қарай, бұл әлі мүмкін болмады. Оқу мен үшін өте маңызды, бұл менің арманым», - деді ол.
Жұртшылық жас дизайнердің топтамасына риза болып, оның инновациялық тәсілін, жоғары сапалы орындалуын және дәстүрлі элементтерді заманауи трендтермен үйлестіре білуін атап өтті.
Silk Road Fashion-ға қатысқан басқа дизайнерлердің жұмыстары да өзіндік ерекшелігімен, талғампаздығымен ерекшеленді. Сенбі күні кеште әрбір топтама эмоцияға толы оқиғаға айналып, сәннің өміріміздегі маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.


Соңғы жаңалықтар