21 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. ЕСІМДЕР

129 жыл бұрын (1889-1959) опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі КАЗАКЕВИЧ Александр Пахомович дүниеге келді.

Ресейдің Витебск облысында туған. Санкт-Петербор университетінің физика-математика факультетін бітірген. Санкт-Петербор консерваториясының опера әншілері курсында оқыған. 1923-1924 жылдары - Мәскеудегі Зимин опера театрының әнші. 1925-1930 жылдары - Новосибирск, Пермь, Свердловск, Самара (Куйбышев) опера театрларының әншісі. 1931-1935 жылдары - Санкт-Петербор опера және балет театрының әншісі. 1935-1959 жылдары Алматыда Қазақ опера және балет театрының әншісі болды. Мұнда А.Зильбердің «Бекет» операсында Осиптің партиясын орындаған. Оның репертуарында: Борис (М.Мусогорский «Борис Годунов»), Кончак (А.Бородин «Князь Игор»), Листницкий (И.Дзержинский «Тынық Дон»), тағы басқа партиялар болды.

83 жыл бұрын (1935) баскетболдан КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО Денешынықтыру ісінің үздігі Шора Қадырұлы ЮМАШЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Ақтерек ауылында туған. 1974-1981 жылдары Алматының жоғары мастерлер лигасында ойнаған «Университет» құрама командасының жаттықтырушысы болды. «Университет» құрама командасы КСРО біріншілігінде 6 орынға, Вильнюсте өткен КСРО халықтары VІІ Спартакиадасында 4 орынға ие болған. 1984-1987 жылдары Ангола Республикасы құрама командасының жаттықтырушысы қызметін атқарды. 1987 жылдан Қазақстан Республикасы Спорт, және туризм министрлігінің спорт комитетінің бас жаттықтырушысы, бас хатшысы, Қазақстан Республикасы баскетбол Федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Алматы қалалық баскетбол федерациясында және республикалық спорттық шеберлiктiң жоғары мектебiнде жұмыс істейді.

null 71 жыл бұрын (1947) ҚР БҒМ Математика институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА мүше-корреспонденті, америкалық ғылыми кеңестің құрметті кеңесшісі, Америка математика қоғамының мүшесі Александр Әліпқанұлы ЖЕҢСІКБАЕВ дүниеге келді.

Болгарияда туған. Днепропетров мемлекеттік университетін бітірген, осы оқу орнында ассистент, ҚазМУ математикалық талдау кафедрасында аға оқытушы, доцент, меңгеруші болды. 1994-1997 жылдары - ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесінде бастықтың ғылым жөніндегі орынбасары. 1997 жылы - ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі. 1997-1999 жылдары - ҚР ҒМ - ҒА-да ғылыми кадрларды аттестау департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - «Жоғарғы аттестациялық комиссия» РМКК төрағасы. 2008 жылдың маусымынан - ҚазМУ математикалық талдау кафедрасының меңгерушісі. 2000 жылдың тамызынан - ҚР БҒМ Математика институтының директоры. Ғылыми кітаптардың 70-тен аса ғылыми жарияланымдардың авторы.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

65 жыл бұрын (1953) педагогика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық «Еуразия» экономика академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, білім беру ісінің үздігі Асхат Сәлімұлы ИМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Атырау педагогикалық институтын, Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1985-1994 жылдары - Атырау педагогикалық институтының аға оқытушысы, деканның орынбасары, деканы, проректоры. 1994-2000 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болған. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры болған. Қазіргі уақытта аталмыш университет ректорының кеңесшісі. 2003 жылдан Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Бірнеше кітаптың авторы.
«Парасат» орденімен, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған.

null 49 жыл бұрын (1968) жазушы-публицист, әдеби сыншы Амангелді МЫРЗАБЕК дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1992 жылдан «Арыс» қорында, «Санат» баспасында, Қазақ телерадиосы корпорациясында, Алматы қалалық мәдениет және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, Қазақстан Мемлекеттік орталық мұражайы аударма бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Ақ жауын», «Қарлығаш-дәурен» әдеби сындар, публицистика, эсселер авторы. «Жұлдыз», «Парасат», «Таңшолпан» журналдарында, «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Өркен», «Алтын орда», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдебиет, саясат, әлеуметтік мәселелер туралы мақалалары, эсселері жарық көрген. Жазушы 1999 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының, 2002 жылғы әдебиет саласындағы «Сорос-Қазақстан» қоры грантының иегері болған.

null 40 жыл бұрын (1977) «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марс Бақтиярұлы АЛДАШОВ дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетін, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және оның магистратурасын бітірген, қаржыгер, заңгер, экономика магистрі. 
1998-2001 жылдары - ҚР Ұлттық банкінде жетекші маман, бас маман. 
2001-2004 жылдары - «Қазақстандық Ипотекалық компания» АҚ-да бас маман, бөлім бастығы, қазынашылық директоры, Басқарма мүшесі.
2004-2006 жылдары - ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің департамент директорының орынбасары.2006-2007 жылдары - «Цеснабанк» АҚ-да басқарушы директор.
Қазіргі қызметінде 2007 жылғы мамыр айынан бері.

43 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Президенті әкімдігі қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары -Азамат Құрманбекұлы ӘБДІМОМЫНОВ дүниеге келді.

1975 жылы Алматы қаласында туған.

1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Индиана Университетін, 1999 жылы Дж.Кеннеди атындағы Гарвард университеті Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

1999-2000 жылдары- «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы стратегиялық жоспарлау департаментінің бас аналитигі, стратегиялық жоспарлау және сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас менеджері.

2000 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығында- Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігі экономика және қаржы департаменті анализ бөлімінің және қорғаныс ресурстарын басқару басқармасының бастығы.

2001-2002 жылдары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының жаңа технологиялар мен мақсатты бағдарламалар департаментінің бастығы, автоматтандыру және геоақпараттандыру жүйесі басқармасының бастығы.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі.

2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі экономикалық саясат басқармасы жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі.

2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.

2007-2012 жылдары - «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма бастығы.

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

2014-2015 жылдары - Р Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.

2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ағылшын (еркін), араб, неміс (сөздік арқылы) тілдерін меңгерген.

2 медальмен марапатталған.  

54 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ержан Хозеұлы ҚАЗЫХАНОВ дүниеге келген.

1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған. Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

1989-1992 жылдар аралығында ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1995-2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі ретінде еңбек жолын жалғастырды. 2011 жылдың ақпан және сәуір аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2011 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2014 жылғы 17 қыркүйегінен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2017 жылы Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

null 51 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Мұхаметқалиұлы КҮЛДІКОВ дүниеге келген.

Ол бұрынғы Семей облысында туған. 2000 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы: Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды (1990-2008); Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары - Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (2008 жылғы қыркүйектен бастап); Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (2012 жылғы қарашадан бастап); Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (2014 жылғы қарашадан бастап).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

51 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қуанышбайқызы ҚЫДАРБАЕВА дүниеге келді.

1967 жылы 21 тамызда туған. Заң және қаржы мамандығы бойынша екі жоғарғы білімі бар.

Алматы облыстық Төрелік сотының судьясы (1995-1996 жылдары); Алматы облыстық сотының шаруашылық алқасының судьясы (1996-2006 жылдары); Алматы қаласы сотының Бостандық ауданының судьясы (2006-2010 жылдары); Мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2010-2011 жылдары); Алматы қалалық сотының судьясы (2011-2012 жылдары); Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы (2012-2013 жылдары); Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (2013-2015 жылдары); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2015 жыл).

2015 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы.

null 82 жыл бұрын (1935) кеңестік және ресейлік ақын-әндер авторы Юрий ЭНТИН дүниеге келді.











null 133 жыл бұрын(1884-1969) Венесуэланың бұрынғы президенті, жазушы ГАЛЬЕГОС Ромуло дүниеге келді.

Ол Венесуэланың 38-ші президенті Висент Гомес тұсында сенатор болды, бірақ аз уақыттан кейін қызметтен бас тартып, Испанияға қоныс аударды. 1935 жылы отанына оралып, білім беру министрі болып сайланды. 1948 жылы ақпанда Ромуло Бетанкура тақтан тайғаннан кейін президент болды. Сол жылы қарашада қорғаныс министрі Дельгадо Чальбо оны президенттіктен тайдырды.

Гальегостың «Вьюнок», «Донья Барбара», «Земля под ногами» атты романдары бар. «Донья Барбара» романы әлемнің көптеген тілдеріне ауударылып, оқиға желісімен көркемфильм түсірілген. 1964 жылы Ромуло Гальегос халықаралық сыйлығы тағайындалды.

  

 

Соңғы жаңалықтар