Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 364.95 EUR 416.99
RUB 5.55 CNY 52.58

21 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2018 жылғы 21 тамыз 07:01
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 21 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады. 21 тамыз, СЕЙСЕНБІ    

«Латвия Республикасының мемлекеттік мәртебесі туралы» Конституциялық заңы қабылданған күн

Бұл заң 1991 жылы қабылданып, Латвияны тәуелсіз демократиялық мемлекет ретінде бекітті.  

Мароккода жастар күні (VI Мұхаммед корольдің туған күні)

Алғаш рет 1947 жылы тағы мұрагері Мулай Хассанның туған күнінің құрметіне аталып өтті. Ол 1961 жылы Марокконың королі болып сайланған. Ол кезде оның туған күні 9 шілдеде аталып өтетін. Таққа оның ұлы Мұхаммед VI отырғаннан кейін, мереке күні 21 тамыз - жаңа корольдің туған күнінде аталып өте бастады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Елбасы Жарлығымен республикада Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты - еліміздің егемендігін, мемлекеттілігін, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді.

2000 жылы Алматыда украин халқының ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың (1814-1861) ескерткіші ашылды. Ескерткіш салмағы 12 тонна, биіктігі 3,5 метр. Авторы - украин мүсіншісі Виталий Рожик. Оңтүстік астанаға украин халқының сыйлығы Алматы әкімшілігі мен Украин елшілігінің бастамасымен жасалынды.

2000 жылы Қостанай қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» қаулысы жарық көрді.

2004 жылы Ә.Қастеев мұражайында «ICOMOS Қазақстанда» атты жаңа қоғамдық ұйымның тұсаукесер рәсімі өтті. ICOMOS мақсаты - әлемдегі мәдени мұралардың сақталуына көмек көрсету. Әлемде 7 мыңға жуық жеке тұлға мен ұйым аталған ұйымның мүшесі. Олар өз қызметтерін 110 елде орналасқан ұлттық комитет желілері арқылы жүзеге асырады.
2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Украин ұлттық-мәдениет орталығы құрылды. Украин мәдениет орталығының басты міндеті - облысты мекен еткен барлық ұлт өкілдерінің арасындағы достықты нығайту.
2009 жылы Өскеменде «Дала әні» және «Көшпелілер» атты екі жаңа композициялық мүсіндер орнатылды. Мүсіндердің авторы - қазақстанның танымал дизайнері Жанат Елубаева. «Дала әні» - ерекше композиция. Аталмыш мүсінің аталу себебі, ол жерде кішкене ғана жел соққан кезде ерекше бір дыбыс шығаратын камертон орналасқан. Бірінші мүсіннің таяу маңында «Көшпелілер» орналасқан. Бұл шығармалардың басты идеясы - атамұраны насихаттау.

2012 жылы «Қазаэронавигация» РМК және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ІСАО) ақпараттық-басқару қызметтері туралы келісімге қол қойды.

Аталған құжат 2009 жылы ІСАО жүргізген аудиттен кейін Еуропа одағының қара тізіміне енген қазақстандық әуе компанияларын қара тізімнен шығаруды жеделдетті.

2012 жылы Астанада «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені ашылды. Ол Қазақстан телеарналарының басты технологиялық алаңына айналды. «Қазмедиа орталығында» «Хабар», «Caspionet», «Балапан», «Қазақстан», «Мир мемлекетаралық телерадиокомпаниясы», «Евразия бірінші арнасы» және «Мәдениет» телеарналары, Қазақ радиосы, «Шалқар» және «Астана» радиолары орналасқан.

2013 жылы теңгенің 20 жылдығына орай құны 50, 500, 5 000 және 10 000 теңгелік төрт түрлі монета дайындалды.

2015 жылы Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» ескерткіші ашылды. Монумент Бұланты өзенінің жағасында, қазақ әскері жоңғарларды ойсырата жеңген Үйтас қорымдарының жанынан бой көтерді.

2015 жылы «Жаңа толқын-2015» балалар музыка байқауында қазақстандық жас дарын иесі Данэлия Төлешова жеңіске жетті.

2016 жылы Павлодарда Орта жүздің қызыл тілді шешені, дарынды қолбасшы Малайсары батырға ескерткіш қойылды. Ол қазіргі Павлодар облысының аумағында дүниеге келген. Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Баян, Наурызбай батырлармен бірге шайқасқан.

2017 жылы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер Қытайдың Тайбэйінде өткен 2017 жылғы жазғы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды. Альберт екікүрестің қорытындысы бойынша, 333 килограмм (148+185) нәтиже көрсетіп, Универсиаданың рекордын орнатты.

2017 жылы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы Вашингтон, Бейжің және Ыстанбұл қалаларында фронт-кеңсесін ашты.

2017 жылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы БАҚ-тарының тілшілері Анкара қаласында «Әскери журналистика» тақырыбындағы арнайы курстарға қатысты. Оған қазақстандық журналистермен қатар Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Ирактан 17 журналист қатысты.

1888 жылы американдық өнертапқыш Барроуз Уильям Сьюард (Burroughs William Seward) есептеуіш машинасына патент алды. Деректерді енгізу клавиатура арқылы жүргізіліп, нәтижесі қағаз таспаға басып шығарылды. Бұл өнертабысы үшін ол Франклин институтының Джон Скотт медалімен марапатталған.

1947 жылы Семей полигонының орталығы болған - Курчатов қаласы құрылды. КСРО тарағанға дейін ол жабық қала мәртебесіне ие болды.

1959 жылы Гавай аралдары АҚШ құрамына елдің 50-ші штаты болып қосылды.

2012 жылы Астанада «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені ашылды. Ол отандық медиаконтент өндіруде қазақстандық телеарналардың басты технологиялық алаңына айналды.

«Қазмедиа орталығында» «Хабар», «Caspionet», «Балапан», «Қазақстан», «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы», «Еуразия» Бірінші арнасы», «Мәдениет» телеарналары, Қазақ радиосы, «Шалқар» және «Астана» радиолары орналасқан.

2015 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Бұланты шайқасы» монументінің ашылуы болды.

«Бұланты шайқасы» монументі Ойтас шатқалындағы Бұланты өзенінің жағасында қазақ жауынгерлерінің жоңғарлармен айқас кезінде алғашқы үлкен жеңіске жеткен жеріне орнатылды. Бұл жеңіс басқыншыларды қазақ жерінен қуып шығудың алғашқы қадамы болды.

2016 жылы Павлодарда аты аңызға айналған Малайсары батырға арналған ескерткіш бой көтерді. 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT