+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

21 шілде. Туған күн иелері

2021 жылғы 21 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
21 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 21 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Владимировна СМИРНОВА дүниеге келді.

Қырғыз ССР Ыстыққөл облысында туған. 1977-1983 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы - «орта мектептің биология пәні мұғалімі».

1979-1983 жылдары – Жамбыл облысындағы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі. 1983-1984 жылдары - СССР АШМ ҒЗИ лаборанты.

1984-1991 жылдары - Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы.

1991-1993 жылдары - Көкшетау облысы Рузаевка ауылында Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаев орта мектебінің директоры.

1993 жылы – Алматы қаласындағы № 91 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

1996-2006 жылдары – Алматы қаласындағы № 68 орта мектеп директоры.

2010-2011 жылдары – Алматыдағы № 9 оқушылар үйінің директоры.

2011-2016 жылдары – Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейінің директоры.

2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтардан бастап.

«Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.


58 жыл бұрын (1963) «Қазақстандық медицина ұйымдарының альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Дәулетхан Серғазыұлы ЕСІМОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1985) және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2001) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Торғай облыстық ауруханасында интерн дәрігер (1985-1986); Торғай облыстық стоматологиялық емханасында тіс дәрігері (1986-1988); Арқалық қаласындағы орталық қалалық ауруханада хирург (1988-1990); Арқалық қаласының біріккен ауруханасында хирург (1990-1994); Ақмола медициналық университетінде ассистент (1995); Ақмола облыстық ауруханасында дәрігер (1995-1996); ММСҚ Ақмола облыстық бөлімі директорының орынбасары, директорының міндетін орындаушы (1997-1999); Республикалық клиникалық аурухана бөлімінің меңгерушісі (2000-2001); «Шын-Зар» стоматологиялық емханасында дәрігер (2001-2003); РМҚК «Медициналық қызметтің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығының» Астана қаласы бойынша филиалы бөлімінің басшысы (2003-2005); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті басқармасының басшысы (2005-2007); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті директорының орынбасары (2007-2009); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (06.2009-11.2009); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (11.2009-12.2009); Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2009-2011); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2011-2013); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасы (2013); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық денсаулықты сақтауды дамыту орталығы» бас директорының орынбасары (2014-2016). Ұлттық денсаулық сақтау палатасының төрағасы (2016-2018).

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдан бастап.


43 жыл бұрын (1978) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы НҮКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Ақсу ауданында туған. 1995-2000 жылдары «саясаттану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

Еңбек жолы: 2000-2005 жылдары – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы. 2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2011 жылдары – Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры. 2011-2016 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, меңгерушісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі. 2018-2019 жылдары – «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.


39 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы Олжас Әбдімәлікұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

Түркістанда туған. 2001 жылы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Бұдан бөлек КИМЭП университетінде (2003) білім алған. Экономиканың түрлі секторында басшылық қызметтерде істеді.

ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі (2014), Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды (2019-2020).

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі (02.2020-09.2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT