Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

21 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 21 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
21 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 21 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Владимировна СМИРНОВА дүниеге келді.

Қырғыз ССР Ыстыққөл облысында туған. 1977-1983 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы - «орта мектептің биология пәні мұғалімі». 1979-1983 жылдары – Жамбыл облысындағы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі. 1983-1984 жылдары - СССР АШМ ҒЗИ лаборанты. 1984-1991 жылдары - Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы. 1991-1993 жылдары - Көкшетау облысы Рузаевка ауылында Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаев орта мектебінің директоры. 1993 жылы – Алматы қаласындағы № 91 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1996-2006 жылдары – Алматы қаласындағы № 68 орта мектеп директоры. 2010-2011 жылдары – Алматыдағы № 9 оқушылар үйінің директоры. 2011-2016 жылдары – Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейінің директоры.

2016 жылдың наурызынан бастап партиялық тізім бойынша «Халық коммунистері» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.


56 жыл бұрын (1963) Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Басқарма төрағасы Дәулетхан Серғазыұлы ЕСІМОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1985) және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2001) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Торғай облыстық ауруханасында интерн дәрігер (1985-1986); Торғай облыстық стоматологиялық емханасында тіс дәрігері (1986-1988); Арқалық қаласындағы орталық қалалық ауруханада хирург (1988-1990); Арқалық қаласының біріккен ауруханасында хирург (1990-1994); Ақмола медициналық университетінде ассистент (1995); Ақмола облыстық ауруханасында дәрігер (1995-1996); ММСҚ Ақмола облыстық бөлімі директорының орынбасары, директорының міндетін орындаушым (1997-1999); Республикалық клиникалық аурухана бөлімінің меңгерушісі (2000-2001); «Шын-Зар» стоматологиялық емханасында дәрігер (2001-2003); РМҚК «Медициналық қызметтің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығының» Астана қаласы бойынша филиалы бөлімінің басшысы (2003-2005); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті басқармасының басшысы (2005-2007); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті директорының орынбасары (2007-2009); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (06.2009-11.2009); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (11.2009-12.2009); Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2009-2011); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2011-2013); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасы (2013); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық денсаулықты сақтауды дамыту орталығы» бас директорының орынбасары (2014-2016).

Қазіргі қызметінде – 2016 жылдың сәуір айынан бастап.


44 жыл бұрын (1975) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесі Константин Федорович ПЛОТНИКОВ дүниеге келген.

Целиноград қаласында туған. 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Ақмола облыстық әдiлет басқармасында жетекшi маман ретiнде бастаған. 1999-2006 жылдар аралығында Әдiлет министрлiгiнiң iшкi бақылау бөлiмiнде бас маман, бөлiм бастығы қызметтерiн атқарды. 2006-2011 жылдар аралығында Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып еңбек еттi.

2011 жылдан бері қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT