21 шілде: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

21 шілде, СЕНБІ

ЕСІМДЕР

null 61 жыл бұрын (1957)  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор БИСЕНОВ Қылышбай Алдабергенұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келді. 1974 жылы Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірді. Сол жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына қабылданып, осы оқу орнын 1979 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. 1979-1980 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында стажер-зерттеуші. 1980 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқытушы, аға оқытушы, факультет деканы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1982-1985 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік құрылыс комитетінің Бетон және темірбетон ҒЗИ аспиранты. 1985 жылы КСРО Мемқұрылыс БТҒЗИ-да құрылыс материалдары мен бұйымдары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1990-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры. 1995 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыс технологиясы және ұйымдастыру мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1996-1998 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры, 1998-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін басқарды. 160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монография, 22 өнертапқыштық патент пен куәліктің, 5 оқулықтың авторы. Ол 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидатын дайындады. 1996-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының үш мәрте сайланған депутаты ретінде қоғамдық-саяси қызметпен белсене айналысты. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (2006-2007 жылдары), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Қызылорда облысынан партиялық тізім бойынша сайланған депутаты. 2011 жылы 12 тамыздан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденімен, медальдармен, ҚР Ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған.

null 58 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі СМИРНОВА Ирина Владимировнадүниеге келді.

Қырғыз КСР Ыстыққөл облысында дүниеге келген.

1977-1983 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы - «орта мектебінің биология пәні мұғалімі». 1979-1983 жылдары - Жамбыл облысындағы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі. 1983-1984 жылдары - КСРО АШМ ҒЗИ лаборанты. 1984-1991 жылдары - Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы. 1991-1993 жылдары - Көкшетау облысы Рузаевка ауылында Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаев орта мектебінің директоры. 1993 жылы - Алматы қаласындағы № 91 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1996-2006 жылдары - Алматы қаласындағы № 68 орта мектеп директоры. 2010-2011 жылдары - Алматыдағы № 9 оқушылар үйінің директоры. 2011-2016 жылдары - Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейінің директоры.

2016 жылдың наурызынан бастап партиялық тізім бойынша "Халық коммунистері" партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.

null 43 жыл бұрын (1975) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесіПЛОТНИКОВ Константин Федорович дүниеге келген.

Целиноград қаласында туған. 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Ақмола облыстық әдiлет басқармасында жетекшi маман ретiнде бастаған. 1999-2006 жылдар аралығында Әдiлет министрлiгiнiң iшкi бақылау бөлiмiнде бас маман, бөлiм бастығы қызметтерiн атқарды. 2006-2011 жылдар аралығында Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып еңбек еттi.

2011 жылдан бері қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

null 40 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі НҮКЕНОВ Абзал Нүкенұлы дүниеге келді.

1995-2000 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004). 2000-2005 жылдары - «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлім секторының меңгерушісі, консультант. 2005-2006 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің Үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы. 2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2011 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры. 2011 - 2016 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының сектор меңгерушісі, Ахуалдық орталық меңгерушісінің орынбасары, одан соң Ахуалдық орталықтың меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қарашасынан бері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

null 38 жыл  бұрын (1980) Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі БАЖЕНОВ Арман Сырымұлы дүниеге келген.

Атырау облысында туған. Атырау мұнай және газ институтын, Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған. Сондай-ақ, Ақкөл ауылдық округі әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарған. 2007-2008 жылдары - Атырау облысының Жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары; 2008-2015 жылдар аралығында Атырау облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2015-2017 жылдары Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

2017 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.

null 119 жыл бұрын (1899-1961) американдық жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты ХЕМИНГУЭЙ Эрнест Миллер дүниеге келді.

Дәрігер отбасында туған. Жазушының алғашқы кітабы «Біздің дәуірде» деген атпен 1925 жылы жарық көрді. Оның есімін әлемге танытқан «Қош бол, қару» романы болды. Хемингуэй 20 ғасырдың 30-шы жылдары «Бұқа мүйізі», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты», «Килиманджаро қары», т.б. туындыларын және қоғамдағы әлеуметтік  қайшылықтарды сынға алатын «Бар мен жоқ» романын жазды. Испан дәуірі жазушы шығармашылығының өрлеу кезеңі болды. Бұл тұста оның көптеген очерктері, репортаждары, «Бесінші колонна» пьесасы, «Қоңырау кімге соғылады» романы жарық көрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі біршама іркілістен кейін ол «Шал мен теңіз», т.б. туындыларымен қайтадан даңқ тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар