21 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 21 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында белгілі мәнерлеп сырғанаушы, еңбегі сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған азаматтық жаназа өтеді. 

Сағат 15.00-де алғаш рет «ASTANA KITAP FEST» кітап фестивалі өтеді.

Сағат  14.30-да  «Қазанат» ипподромында БҚО спортшыларының «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясындағы жамбы ату мен теңге ілу бойынша іріктеу сындары өтеді. 

Сағат 18.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 117-і театр маусымының жабылу салтанаты өтеді.

  

АЛМАТЫ

Сағат 8.00-де Атакенттің басты кіреберісінде «JIDEK FEST - 2018» жеміс-жидек фестивалі басталады.

Сағат 8.00-де Тұңғыш Президент паркінде Almaty Street Fitness тегін жаттығулар өтеді.

Сағат 10.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Денис  Тенмен қоштасу рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар