USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

21 шілде күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 20 шілде 20:14
Бөлісіңіз:
21 шілде күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сейсенбі күні болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда балалар құқығы қалай қорғалады – шолу

9.00-де www.parlam.kz сайтында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру барысы, экономика салаларындағы жергілікті қамтуды дамыту: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асырудағы прогресс, құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту, реттелетін сатып алулар қаралады. Үкімет отырысы онлайн режимінде PrimeMinister.kz веб-сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда көрсетіледі.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «42 500 теңге көлемінде бірреттік әлеуметтік төлем жасаудың тәртібі» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facbook-тағы ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ тікелей эфирінде өтеді.

12.00-де Facebook-тегі https://www.facebook.com/KazCenterZhkh/ парақшасында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Әдістеме және аймақтық даму бөлімі бастығының орынбасары Марғұлан Жеңісұлымен «Заңнамадағы өзгерістер» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Тікелей эфирде бөлім басшысының орынбасары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы өзгерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, өзекті сұрақтарға жауап береді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы

баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT