Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

21 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 21 шілде 07:00 167
Бөлісіңіз:
21 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 21 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Металлургтер күні

Жыл сайынғы кәсіби мейрам ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Қаулысына сәйкес, шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Совет Одағы құлағаннан кейін аталмыш кәсіби мейрам экономикасында металлургия саласы маңызды рөл атқаратын ТМД елдерінде қайтадан бекітілді. Қазақстандық металлургтермен қатар бұл мейрамды Армения, Беларусь, Ресей, Украина халықтары атап өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1917 жылы Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі өтіп, онда қазақ интеллигенциясының өкілдері «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарды.

1958 жылы Қазақ симфониялық оркестрі құрылды.

2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысында қазақ-орыс «Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны ашылды.

«Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны Ресей Федерациясының шекарасында орналасқан, жалпы алып жатқан аймағы 320 км. Ол халықаралық көпжақты өткізу орны болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар алмастыруды және сауда-экономикалық байланысын әрі қарай дамытуға арналған өткізу орны «бір аялдама» жүйесі бойынша жұмыс істей отырып, тауар алмастыру барысын жеңілдетеді.

2006 жылы «Қазпошта» АҚ республика ішілік пошталық айналымға жаңа марка шығарды. Жаңа шығарылым танымал геолог-ғалым, Қазақстандағы геомеханиканың негізін салушы, ҚР ҰҒА мүшесі, профессор Ақжан Машанидің 100 жылдығына арналған. Екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеуге барлық саналы ғұмырын арнаған ол - геология және кен істері бойынша жарық көрген бірқатар оқу құралдарының авторы.

4 бояулы офсеттік тәсілмен басылған марка 50 мың дана таралыммен шыққан.

2007 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бір топ қызметкері Тараздағы қазба жұмыстарын өткізген кезде, қала ортасында орналасқан Қарахан кесенесінің маңынан мешіт қалдықтарын тапты.

Мешіттің құрылысына қарағанда 14 ғасырда салынғанға ұқсайды, сол кезде құрылысқа кірпіш шикізатын қолданған. Соңғы исламның мешіттері терракота кірпіштерінен көтерілген. Бұл ғимараттың сақталып қалған бөлігі - іргесі, ішкі атрибутикасы - осы жерде мешіт болғанын дәлелдейді, енді ислам дінінің біздің елімізде қай уақытта пайда болғанын айтуға болады. Бұл мешiт бұрын салынған несториан немесе манихей храмның iргесiнде тұрғызылған.

2011 жылы Астана қаламаңындағы аймағына 81 елді мекен қосылды.

2014 жылы Астанада Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Сабыржан Алымжановтың жұмысы үлкен теннистен ҚР Президенті Кубогін әзірлеу байқауында жеңімпаз атанды. Трофейде қыранның қанаттары мен күнді бейнеленген, ол қазақ халқының және теннис спортының символдарын біріктіреді. Оны чехиялық Lasvit компаниясының ұсталары қолдан жасаған.

Алматылық студенттің жобасы бойынша жылтыр тастан және хрустальдан жасалған кубок Астана қаласында өткен үлкен теннистен халықаралық «Президент Кубогі - 2014» турнирінің жеңімпазына берілді.

2015 жылы Шымкентте «Күміс қылыш» атты компьютерлік анимация, кино әдістері қолданылған тұңғыш мультфильм жарыққа шықты.

2018 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында Азияның грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар чемпионаты аяқталды. Онда армиялық спортшы Ирина Кузнецова алтын медаль жеңіп алды. Ирина Кузнецова – ҚР Қорғаныс министрлігі Армиясының орталық спорт клубының спортшысы. Кузнецова 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT