21 шілде - «Алаш» партиясы құрылған күн

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 шілде - ұлтымыздың біртуар тұлғасы Әлихан Бөкейханов негізін қалаған «Алаш» партиясының құрылған күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыдан 101 жыл бұрын - 1917 жылы Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі өтіп, онда Торғай, Орал, Семей, Ақмола, Ферғана, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей Ордасынан келген  қазақ интеллигенциясының өкілдері бас қосқан болатын. Сол жиында азаттықтың жаршысы болған «Алаш» партиясын құру туралы шешім қабылданған.

Тарих ғылымының докторы Мәмбет Қойгелдінің айтуынша, Райымжан Мәрсеков, Бақытжан Қаратаев, Жаһанша Сейдалин қатарлы ұлт жанашыларлары бұдан бұрын 1913 жылы жалпықазақ съезін шақырып, ұлттық партия құру туралы бастама көтерген. Бірақ, бұған Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы тоқтау айтқан. Алаштың қос арысы жалпықазақ съезін сол уақытта шақыру қателік болатынын, патша үкіметі қазақ зиялыларын қуадалауды бастайтынын жақсы түсінген.

Патша өкіметі құлап, ел іші екіге жарылған уақытта алашордашылар уақытты текке өткізбеуді мақсат тұтты. Осылайша, 1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты.

«Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді. Тұрсын Жұртбай съезде көтерілген қазақ мәселелерін жіпке тізгендей былайша баяндайды:

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байыр¬ғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді!

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек!

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс!

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем¬дігі болуы керек, яғни, Х.Дос¬мұ¬хамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлт¬тық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс!

Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғы¬лым¬ға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

«Алаш» партиясын тарих сахнасына шығарған тұңғыш жалпықазақ съезін қазақ зиялыларының мемлекет болу жолында жасаған маңызды қадамы деп айтуға болады.

Соңғы жаңалықтар