21 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 21 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал, жел күшейеді. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с,  күндіз кей жерлерінде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады.

 Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Павлодар, күндіз Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

 Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде  найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар