Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95

21 сәуір. Туған күн иелері

2019 жылғы 21 сәуір 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


21 сәуір. Туған күн иелері66 жыл
 бұрын (1953) ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Ошақбайұлы ТОБАЯҚ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсын, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. «Қазтехэнерго» кәсіпорнының инженері, Энергетика министрлігінің аға инженері,  Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, Қазақстан Республикасы Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, Қазақ телеграф агенттігінің редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында жұмыс істейді. Ақынның «Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек..», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел» атты кітаптары жарық көрген.


21 сәуір. Туған күн иелері 55 жыл
 бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған. Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы - ІV департаменті директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екіжақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың наурызынан.

Бірнеше медальмен марапатталған.


21 сәуір. Туған күн иелері 33 жыл
бұрын (1986) Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі  КУЛАГИН Павел Сергеевич дүниеге келді.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.   

2004-2007 жылдары коммерциялық құрылымда жұмыс істеген. 2007-2008 жылдар аралығында - Қостанай облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде статист, бас маман. 2008 жылы Астана қаласының бас инспекторы лауазымына тағайындалған. 2009-2010 жылдары әкімнің кеңесшісі, осы жылы Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне басшы болған. 2010 жылдан 2013 жылға дейін Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары. 2013 жылдың 25 ақпанынан 13 шілдесіне дейін Астана қаласы Алматы ауданының әкімі болған. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.

2017 жылдың тамызынан қазіргі қызметінде. 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT