+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

21 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 21 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
21 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 21 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

2014 жылдың сәуірінде екі ведомство - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қосылуы арқылы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

ҚР Президентінің Күзет қызметі 1992 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан кейін көп ұзамай құрылды. Ал бірнеше айдан кейін Республикалық ұлан жасақталды. Екі ведомство да мемлекет қауіпсіздігін сақтауда маңызды роль атқарды.

Дүниежүзілік шығармашылық және инновациялық қызмет күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық күндер жүйесіне кіреді. Алғаш рет 2002 жылы атап өтілді. БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді 2017 жылы тұрақты даму саласында мақсатқа қол жеткізу жолында шығармашылықтың маңыздылығына мән беру үшін бекіткен.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1925 жылы «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955 жылдан «Қазақстан әйелдері» деп аталады.

1959 жылы Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» дилогиясы үшін Ленин сыйлығы тағайындалды. Ол V шақырылған КСР Қазақ Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1961 жылы Қазақстанның газ жүйесінің негізін қалаған «Орта Азия- Орталық» магистральдік газ құбырының құрылысы басталды.

1992 жылы республикада енді құрылып жатқан алғашқы дипломатиялық корпус өкілі - Қазақстандағы Түркияның Төтенше және Өкілетті елшісі Аргюн Езнаем Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұңғыш рет сенім грамотасын табыс етті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Ерiктi түрде қоныс аудару және Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген адамдардың азаматтығы мәселелерiн реттеу жөнiндегi Шарт ратификацияланды.

2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор кен-химия комбинатының гидрометаллургия зауыты аумағында молибден байыту фабрикасы ашылды. Мұндай фабрика Қазақстанның тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібінде алғаш рет іске қосылып отыр. Молибден кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасы гидрометаллургия зауытының аумағында рекордтық мерзімде - 96 күнде салынды.

2011 жылы Қазақстан аумағында «Ормандар» тақырыбында «Еуропа» сериясының көркем маркасы пошта айналымына енді. Оның номиналы - 250 теңге, тиражы - 250 мың дана.

2011 жылы «Дарынды балалар - Қазақстанның болашағы» энциклопедиясы жарық көрді.

2012 жылы Мәскеудегі «The Ritz Carlton» қонақүйінде Дариға Назарбаеваның қатысуымен «Менің жұлдызым» музыкалық фильмінің премьерасы өтті. Фильмнің көрсетілімінен түскен барлық қаражат «Өмір сыйла» қайырымдылық қорына аударылды.

2014 жылы Алматы облысы Сарқанд қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Евгений Станкевич Швецияның экологтары ұйымдастырған конкурстың жеңімпазы атанды. Марапаттау рәсімі Стокгольмде өтті. Экологиялық журналистика конкурсына Германия, Франция, Канада, Македония, Мальта, Румыния, Словакия, Черногория, Латвия өкілдері қатысты.

2015 жылы ҚР Ұлттық банкі ҚР Қорғаныс министрлігіне «Ұлы Жеңіске 70 жыл» 4776 күміс монетасын қайтарымсыз негізде табыс етті. Оны Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер алды.

2016 жылы Алматыда «Түркі тілдес әлем музыкасы» атты зерттеу тобының V халықаралық симпозиумы ашылды.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік «Әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты. Астана 2016» күміс монеталарын қолданысқа енгізді.

2018 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Ислам әлемінің тарихында алғаш рет 2017 жылы қыркүйекте Астанада өткен ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің қорытындыларына арналған Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер елшілерінің кездесуі өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT