21 наурыз. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 21 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

9 8 жыл бұрын (1925-1996) ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы ШАҢҒЫТБАЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Ақтөбе педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, Ақтөбе облысының «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ радиосында бас редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы кітабы «Ар» деген атпен 1945 жылы жарық көрді. Кейін туған өлкенің шынайы өзгерістерін, замандастарының ақыл-парасатын, адамгершілік қасиетін жырлаған «Өлеңдер», «Аққу әні», «Ар ма, республикам», «Лирика», «Жыр жаһаны», «Гүлтолқын», «Саршатамыз», «Жыл құсы» атты лирикалық шығармалары жарық көрді. Шаңғытбаев драматургия саласында да еңбек етіп, Қ.Байсейітовпен бірге «Беу қыздар-ай», «Ой жігіттер-ай», Құтырғаннан құтылған» пьесаларын және «Алтын таулар», «Айсұлу» операларының либерттосын жазды. Ол - көптеген ән өлеңдерінің авторы. Сондай-ақ А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, М.Лермонтов, И.Гете, Р.Бернс лирикаларын, Омар Хаямның рубаяттарын, А.Горькийдің «Қыз бен ажал» поэмасын қазақ тіліне аударды.

45 жыл бұрын (1978) - «Байтақ» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Азаматхан Сайлауұлы Әміртаев дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Алматы энергетика және байланыс институтын, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (2000); Қазақ ұлттық аграрлық университетін, мемлекеттік жергілікті басқару (2005); Лондон қаласындағы Bellerbys колледжін (2009); Сан-Франциско қаласындағы Kaplan Aspect тіл мектебін (2009); «Сколково» Мәскеу басқару мектебін, Executive MBA (2016) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы жеке кәсіпкерлік қызмет (Information technology) (1995-1998); пейджингтік фирманың Алматы филиалының директоры (1999-2000); «Kaznewtech» ЖШС директоры (2001-2005); «Қазақстан темір жолы»ҰК«АҚ бірінші вице-президентінің ақпараттандыру жөніндегі кеңесшісі (2005-2006);»Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ президентінің ақпараттандыру бойынша кеңесшісі (2007-2009); «Қазақстандық бағдарламалық компаниялар қауымдастығы» вице-президенті (2004-2008); «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2005-2008); «Қазақстандық бағдарламалық компаниялар қауымдастығы» президенті (2008-2014); «Инвесторлар Альянсы» ҚҚ президенті (тікелей инвестициялар қорлары) (2014-2016); «Байтақ-Болашақ «Экологиялық қозғалысы» РҚБ президенті (2016 жылдан бастап); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (2019-2020); «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі (KZAG) АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2020-2021); «Байтақ» партиясының төрағасы (2023 жылдан бастап).

41 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Нұрманұлы ХАТИЕВ дүниеге келді.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша (2004); Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Ақмола облысы прокуратура органдарының қызмектері (2005-2007), Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы органда түрлі қызметтерде (2007-2014), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің көліктегі тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті департамент бастығының орынбасары (2015-2016), Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры (2016-2017). ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «электрондық үкіметті» даму және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры (04.2019-05.2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдан бастап.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медалімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар