21 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

12.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Халықаралық «Жыршы-термешілер» фестивалі өтеді.

13.00-де Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік шара өтеді. Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.

17.00-де Астана қуыршақ театрында «Наурыз –Думан» қуыршақтар шоуы өтеді.

18.00-де Астана Балет театрында «Үркер» тобының концерті өтеді.

19.30-да Астана қаласы филармониясының концерт залында Сәкен Майғазиевтің концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар