Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 13 °С
Алматы: 35 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылғы 21 наурыз 06:31 1464
Бөлісіңіз:
21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 21 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 шілде: Туған күн иелері 22 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

21 НАУРЫЗ, СӘРСЕНБІ  

Наурыз мейрамы

«Наурыз» сөзі парсының «нөу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.

Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.

Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.

Қазақстанда Наурыз мейрамы - Мемлекеттік мейрам.  

Намибия мемлекетінің ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1990)

Намибия - Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ангола, Замбиямен, шығысында Ботсвана, Оңтүстік Африкамен, оңтүстігінде Оңтүстік Африкамен шектеседі. Астанасы - Виндхук қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын, неміс тілдері. Ақша бірлігі - намибия доллары.  

Нәсілдік кемсітушілікті жою жолындағы күрестің халықаралық күні

1960 жылы наурыздың 21-де нәсілшілдік құрбандарын еске алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы қазанның 26-сындағы XXI сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. Осыдан 46 жыл бұрын (1960) Оңтүстік Американың Шарпевил қаласы полицейлері бейбіт шеруге шыққан тұрғындарға оқ атып, 69 адам қаза тапқан болатын.  

Дүниежүзілік поэзия күні

ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-шы сессиясының шешімі бойынша наурыздың 21-і - Дүниежүзілік поэзия күні болып жарияланды. Бірінші Дүниежүзілік поэзия күні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде өтті.  

Ағаш күні (Италия)

Бұл мереке жаңару, адамзаттың табиғатпен байланысының белгісі ретінде атап өтіледі. 19 ғасырдың аяғынан бастап, наурыздың 21-де әрбір мектеп оқушысы есік алдына, ең болмағанда, бір ағаш отырғызуы тиіс деген қағида дәстүрге айналды.  

Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жер күні

1971 жылғы наурыздың 21-інде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімінде жарияланған. Қазір ол дүние жүзінің 167 мемлекетінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні тағы да сәуірдің 22-інде атап өтіледі.

1990 жылы алғашқы рет халықаралық мейрам ретінде атап өтілді. Қоршаған ортаны қорғау туралы жаһандық мәселелердің ұзақ мерзімді шешімінің бастамасы. АҚШ-тың бастамасымен өтеді, онда ол 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі.  

Халықаралық қуыршақшылар күні

2003 жылғы наурыздың 21-нен бастап Халықаралық қуыршақшылар күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Идеяны қуыршақ театрының танымал қайраткері Дживада Золфагариходаға (Иран) тиесілі. 2000 жылы Магдебургтағы УНИМА-ның XVIII-ші Конгрессінде талқылауға осы ұсынысты берді.  

Халықаралық орман күні

2012 жылы бекітілді. 2013 жылдан бастап жыл сайын 21 наурызда тойланады.  

Ана күні

Таяу Шығыстағы Араб елдерінде (Мысыр, Ливан, Иордания, Сирия, Бахрейн) Ана күні 21 наурызда аталып өтіледі.  

Даун синдромына шалдыққан адамдардың халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың желтоқсанында Даун синдромына шалдыққан адамдардың халықаралық күнін бекіткен.   

Грузияда шекарашылар күні

Польшада сабаққа келмейтіндер күні

Бұл көңілді бейресми мереке сабақтан қалатын барлық азаматтарға, бірінші кезекте мектеп оқушылары мен студенттерге арналған.   

Халықаралық гүл күні

2008 жылы Португалия гүлдер қауымдастығының президенті Халықаралық гүлдер қауымдастығына гүл мейрамын атап өту жөнінде ұсыныс білдірді. 2009 жылы халықаралық гүл күнін Халықаралық қауымдастықтың 30 елден жиналған мүшелері ресми түрде бекітті.  

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР  

1950 жылы Өскемен қаласында Бүкілодақтық түрлі түсті металл ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазіргі уақытта металл, цинк алатын полиметалл кендерiн өндіру, байыту және қорғасын концентраттарын қайта өңдеу мәселелерiмен айналысатын республикамыздағы ірі институт болып табылады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Институттың 410 зерттемелері КСРО-ның Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің (ВДНХ) алтын, күміс және қола медальдарымен атап өтілген. Институт КСРО-ның 1200 авторлық куәлігіне, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және алыс шетел елдердің 400 патентіне ие.

1972 жылы Алматы қаласының Әуезов ауданы құрылды. 1997 жылы Алатау мен Мәскеу аудандарының жойылуына байланысты қайта әкімшілік-аумақтық бөлініс болды.

1975 жылы жазушы Сапарғали Бегалиннің (1895-1983) «Замана белестері» атты алғашқы романы жарық көрді. Романның бас кейіпкері - тарихи тұлға, көрнекті кеңес қызметкері Мұхаметғали Тәтімов.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Достық және ынтымақтастық декларациясына қол қойылды.

1997 жылы «Ислам әлемі» баспасы ашылды.

2000 жылы Алматыда қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2003 жылы «Қазақстан газет баспагерлері қауымдастығы» тіркелді.

2005 жылы Алматыда «Айт» сыни-талдау арт-журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журнал Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне қатысты мәселелерді қозғайды. Басылымның құрылтайшылары - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен «Рух-Мирас» қоғамдық бірлестігі. «Айт» журналына осы атты белгілі қазақ мәдениеттанушысы Мұрат Әуезов қойды.

2007 жылы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, соғыстар мен қарулы қақтығыстарды тоқтатудың, Қарулы Күштерді және басқа да әскери күштер мен құрылымдарды дамыту және пайдаланудың негізгі ұстанымдарын қамтитын Әскери доктрина бекітілді.

2008 жылы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

- бейбітшілік және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін сыйлық беріледі;

- қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;

- демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін;

- Қазақстан ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалар үшін берілетін болады.

Мемлекеттік сыйлық жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге беріледі, сондай-ақ отандық, халықаралық және шетелдік ұйымдарға берілуі мүмкін.

Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, омырау белгісі, куәлік және ақшалай сыйақы тапсырылады.

2008 жылы Елордадағы «Интерконтиненталь» қонақүйінде «Астана-Бәйтерек» клубы мен бас редакторлар клубының қолдауымен «Деловой мир» журналының «Астана - менің тағдырым» жобасының тұсауы кесілді. Жоба Астана туралы әңгімелер жинағын қамтитын болады. Елорда тарихы мыңдаған адамдардың тағдырымен ұштасып жатқандықтан жұртшылықтың қала жылнамасына қосар естеліктері баршылық. Журнал редакциясы астаналықтардың әңгімелерін жыл бойы қабылдайтын болады. Олардың ең үздіктері Қала күніне арналып жеке басылым болып шығарылды.

2009 жылы 2006 жылғы қыркүйектің 8-де Семей қаласында қол қойылған Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы Келісімшарт күшіне енді. Қазақстан жеріндегі тарихи келісімшартқа Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қол қойды.

2011 жылы Алматыда «Алматы Тауэрс» кешенінің ресми түрде ашылуы болып өтті. Екі 25 қабат мұнарадан тұратын кешен бірден қаланың сәулет сәніне айналып кетті.

2012 жылы Өскеменде халық әртістері - ағайынды Абдуллиндерді еске алу кеші болып өтті.

Белгілі болғандай, танымал ағайынды Абдуллиндер қазақ тыңдармандарына орыс және шетелдік классиктердің шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жеткізген алғашқы әншілер. Өскемен қаласының тумалары Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер - қазақ әндерін дуэтпен айтқан алғашқы орындаушылар.

Әртістер Абдуллиндердің шығармашылық өмірі - қазақ ұлттық өнерінің қалыптасуының тірі тарихы, соны дамытуға олар өздерінің опералық-сахналық және концерттік шығармашылығының 30 жылын арнаған еді.

Мәскеуде оқуларын бітірген соң олардың сахналық қызметі Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист әншілер ретінде басталды. Мүсілім театрдағы жұмысын 1938 жылы, Ришат - 1939 жылы бастаған.

Ағайынды Абдуллиндер шетелдік және орыс классиктерінің барлық опералық репертуарының жетекші партияларын орындаған. Олар қазақ композиторлары опералық қойылымдарының тұрақты қатысушылары болған. Олар ұмытылмас бейнелерді сомдаған: Мүсілім - «Қыз Жібек» операсындағы Төлегеннің, «Жалбырдағы» Қайрақбайдың, «Ер Тарғындағы» Балпанның, «Абайдағы» Әзімнің, Ришат - Абай, Ер Тарғын, «Біржан мен Сарадағы» Қожағұлдың, «Назугум» операсындағы Гүлматтың рөлдерін орындаған.

2013 жылы Римде «Қазақстан - балалық шағымның аспаны» атты Италиядағы Қазақстан Республикасы мәдениеті күндерінің салтанатты ашылу рәсімі болды.

2016 жылы Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2016 жылғы 20 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудағы «Нұр Отан» партиясының сенімді жеңісіне арналған жеңімпаздар форумы өтті. exit-pool мәліметтеріне сәйкес, партия сайлаушылардың 81,95%-ынан 82,15%-ына дейін дауыс жинаған.

2016 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының сайлауы болды. Дауыс беру ҚХА-ның кезектен тыс съезі барысынды елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

2017 жылы Түркістан қаласы ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы атанды.

Осы күні түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 23 мемлекеттен келген 300-ге жуық шетелдік қонақ, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым және өнер тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстікқазақстандық тұрғындар, яғни, жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты.

1801 жылы Испаниямен жасасқан шартқа сәйкес Луизиана Францияға өтті.

1852 жылы Черногория княжество болып жарияланды.

1919 жылы Венгр Кеңес Республикасы жарияланды.

1921 жылы Грузия КСР болып жарияланды. Сталиннің шешімімен оған Аджария, Абхазия және Оңтүстік Осетия кірді.

1963 жылы Сан-Франциско (АҚШ) шығанағында орналасқан Алькатрас аралындағы атақты түрме жабылды.

1946 жылы Нью-Йоркте БҰҰ-ның уақытша штаб-пәтері құрылды.

1992 жылы Татарстанда халықтың үштен екі бөлігіне жуығы егеменді мемлекет дәрежесі, халықаралық құқық субъектісіне айналу үшін дауыс берген референдум болып өтті.  

ЕСІМДЕР


21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 93 жыл
 бұрын (1925-1996) ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы ШАҢҒЫТБАЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Ақтөбе педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, Ақтөбе облысының «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ радиосында бас редактор қызметтерін атқарған.

Алғашқы кітабы «Ар» деген атпен 1945 жылы жарық көрді. Кейін туған өлкенің шынайы өзгерістерін, замандастарының ақыл-парасатын, адамгершілік қасиетін жырлаған «Өлеңдер», «Аққу әні», «Ар ма, республикам», «Лирика», «Жыр жаһаны», «Гүлтолқын», «Саршатамыз», «Жыл құсы» атты лирикалық шығармалары жарық көрді.

Шаңғытбаев драматургия саласында да еңбек етіп, Қ.Байсейітовпен бірге «Беу қыздар-ай», «Ой жігіттер-ай», Құтырғаннан құтылған» пьесаларын және «Алтын таулар», «Айсұлу» операларының либерттосын жазды. Ол - көптеген ән өлеңдерінің авторы. Сондай-ақ А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, М.Лермонтов, И.Гете, Р.Бернс лирикаларын, Омар Хаямның рубаяттарын, А.Горкийдің «Қыз бен ажал» поэмасын қазақ тіліне аударды.


21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 71 жыл
 бұрын (1947) «Ғарыштық зерттеулер және технология ұлттық орталығы» АҚ-ның ғылыми жетекшісі Жұмабек Шәбденаманұлы ЖАНТАЕВ дүниеге келген. Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер ауылында туған. Физика-математика ғылымдарының докторы. 1970 жылы Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) бітірген.
1984-1990 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында жауапты қызметтер атқарды.
1990-1997 жылдары «Қазақ селден қорғау» мекемесінде директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, лаборатория меңгерушісі, ғылыми-өндірістік кешен директоры болды.
1997 жылдан осы мекеменің «Болжау» ғылыми-өндірістік кешенінде жетекші ғылыми кеңесші.
1995 жылы «Модель напряженного состояния неоднородной земной коры и ее приложения к условиям Тянь-Шанского сейсмогена» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
2008 жылдан бастап - «Ғарыштық зерттеулер және технология ұлттық орталығы» АҚ президенті.

«Құрмет» орденімен (2011), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2006) марапатталған.


21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 70 жыл
 бұрын (1948-2006) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дінәш НҰРМҰХАМЕДОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының Аманкелді ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1970 жылдан Қазақ радиосының тілшісі, редакторы, аға редакторы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Қазақ теледидары бас редакторы қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелері мен повестер жинағы 1982 жылы «Ең бақытты күн» деген атпен жарық көрді. Одан соң «Жаңа жылға қараған түн», «Өмір», «Он бес пен он алтының арасында», «Таңертеңнен кешке дейін», «Жарық күн» повестер жинағы, «Алтын арна», «Әкеден қалған аманат», «Саусақтан төгілген сәуле» атты деректі хикаялар жинақтары оқырман қолына тиген. Кабардин жазушысы Ә.Кешоковтың «Сынған таға» эпопеясының алғашқы кітабын, поляк, украин және басқа халық қаламгерлерінің әңгімелерін қазақшаға аударған А.Байтұрсынұлы өмірінен «Сен ертең атыласың!» атты пьеса жазған. Сонымен қатар «Мейлі, өзендер шулай берсін», «Соңғы аялдама», «Деректірдің шопыры», «Адамның кейбір кездері», т.б. драмалық шығармалары бар. Оның жүздеген радио хабарлары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы.

67 жыл бұрын (1951) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық Ғылым академиясы жоғары мектебінің академигі Оңдасын Байкенұлы ӘШІМОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Зеренді ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

1975-1996 жылдары - Алматы энергетика және байланыс институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері, аға оқытушысы, зертхана меңгерушісі, проректоры. 1996-2000 жылдары - Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЖАК төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бастап - қазіргі қызметінде. Негізі ғылыми еңбектері электрлі термиялық аппараттарды құрастырудың, электр технолологиясының және энергия сақтаудың теориясы мен тәжірибесін зерттеуге арналған. Ол қиын балқитын оксидті материалдарды электр доғасымен өңдеудегі энергия мен масса алмасу және магнитті гидродинамикалық процестерді алғаш рет зерттеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде тиімділігі жоғары, автоматты жолмен басқарылатын электрлі термиялық құрал-жабдықтарды құрастырудың жаңа бағыты жасалды. Ол 40 авторлық куәлік пен патенттің және 160-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, медальдармен марапатталған. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған.


21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер57 жыл
бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі Серік Әбжалиұлы АХМЕТОВ дүниеге келген.

Жезқазған облысында туған.  










21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер
36 жыл
бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электронды үкіметті» дамыту және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әнуар Нұрманұлы ХАТИЕВ дүниеге келген.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша (2004); Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша (2006) бітірген. 






 



21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 167 жыл
бұрын (1851-1914) Қырымның зиялы азаматы, саясаткері, ағартушысы, қаламгер, газет редакторы, баспагер, түркі дүниесінің қоғам қайраткері, ортақ ойшылы, жәдитшілдіктің негізін салушы Ысмайыл ГАСПЫРАЛЫ дүниеге келген.
Ол Бақшасарай медресесінде бастауыш білімін алды. 1861 жылы Ақмешіттің орыс мектебіне түскен. Кейінгі үш жыл ішінде, 1867 жылға дейін Воронеждегі әскери училищеде және Мәскеудегі 2-ші әскери гимназияда оқыған. Гимназияда білім алған кезде ол Михаил Катковтың үйінде тұрған.
1868-1871 жылдары Бақшасарайдағы Зінжірлі медресесінде және Ялтадағы Дерекөй медресесінде дәріс берген. Балаларды оқытқан кезде білім берудің жаңа тәсілін жетілдірді. Бұл оқиға жәдидизм қоғамдық-саяси қозғалысының бастауы еді. 1871-1873 жылдары Парижде тұрған, журнал-жарнама агенттігінде жұмыс істеген. Орыс жазушысы Иван Тургеневтің жеке хатшысы болды. Орыс газеттері үшін мақалаларын жазуды бастады. 1873-1875 жылдары Ыстанбұлда тұрған. 1878 жылы наурыз айында Бақшасарай қалалық думасының басшысы болып сайланады, ал қараша айында қала әкімшілігінің басшысының орынбасары болып тағайындалады. 1879-1884 жылдарында Бақшасарай қаласының басшысы болып істейді. Қарапайым халық үшін аурухана ашқан, қалада көшелерге электр шамын орнатты.
1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші шақырылымының депутаты болып сайланды, Думада мұсылмандардың «Иттифак-и-мүслимин» деген депутат тобын ұйымдастырған.
1883 жылдан бастап Бақшасарайда «Тәржіман» газетін шығарды. Бұл газет көптеген адамдарын санасын оятып, татар, қазақ, өзбек, тағы басқа халықтарының зиялы қауымының ойларына әсер еткен еді. Көп жылдар «Миллет» («Ұлт») апталық газетін, «Ха-Ха» сатиралық журналын, діни күнтізбелерді шығарған.


21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 76 жыл
 бұрын (1942) Йемен Араб Республикасының президенті (1978-1990), Йемен Президенттік Кеңесінің тұңғыш төрағасы (1990-1994), Йемен президенті (1994 жылдан бері) Әли Абдулла САЛЕХ дүниеге келді.














21 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер
76 жыл
 бұрын (1942) Сан-Томе және Принсипидің 3-ші президенті (2001-2011) Фрадике Бандейра Мелу де МЕНЕЗЕШ дүниеге келді.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат