+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

21 маусымдағы күн райына болжам: Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұрады

2021 жылғы 21 маусым 06:00
Бөлісіңіз:
21 маусымдағы күн райына болжам: Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстанда 21 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы Күнгей мен теріскейде - аптап, батыста - бұршақ: 24 шілдеге арналған ауа райы Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

Республиканың басым бөлігінде Жаңа Жер аудандарынан шыққан терең циклон әсері сақталады, соның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Алматы облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT