21 маусымда күн тұтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы жексенбі күні қазақстандықтар, сондай-ақ Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінің халқы күннің ерекше тұтылуына куә болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл астрономиялық құбылыс, яғни күннің шеңберленіп тұтылуы Ай Жерден барынша алыстап, өзінің эллиптикалық орбитасында тұрғанда болады. Сондықтан ол күннің жиегін толық жаппайды, деп хабарлайды v-kosmose.com ресурсы.
Жарияланған бақылау тізіміне сүйенсек, Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы 21 маусым сағат 11:30 кезінде басталып, күндізгі 13:42-ге дейін жалғасады. Бұл құбылыс шамамен сағат 12:35 кезінде анық көрінеді.
Алматыда күннің тұтылуын 11:16-дан бастап 14:06-ға дейін тамашалауға болады. Әсіресе 12:40 шамасында анықтап қарауға кеңес береміз.
Мамандардың айтуынша, бұл Күннің 2020 жылғы ең қысқа және ең анық шеңберленіп тұтылуы болмақ.
Олар мұндай астрономиялық құбылысты арнайы күн фильтрін қолдана отырып тамашалау керектігін еске салады.
- 2020 жылы 936 мыңнан астам адам АӘК алды
- «Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды
- Жапонияда мектеп автобусы жол апатына ұшырады
- Қытайда ұшаққа мінетін кезде коронавирус белгілерін жасырған жолаушы 1 жылға сотталды
-
Ақтөбеде облыс әкімінің есебі онлайн өтеді
-
Шығыс Қазақстандағы ХҚО-лардың бірі жаңа ғимаратқа көшті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам