21 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

9.30-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Астанадағы туристік компаниялар өкілдерімен кездесу өтеді. 

Сондай-ақ, 9.30-да Назарбаев орталығында Қазақстандағы БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды және 10-21 жастағы балалар мен жастар арасында «KazRoboProject-2018» ңылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар конкурсының финалы өтеді.

10.00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек қарым-қатынас мәселелері туралы конференция өткізеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

11.00-де Мәжілісте «Табиғи монополиялар мен тарифтерді қалыптастыру туралы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

11.30-да Radisson Hotel Astana-да Заманауи бессайыстан өтетін Әлем Кубогы Финалына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен қоғамдық кеңес өтеді.

14.30-да Қазмедиада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халық алдында есеп береді.

15.00-де Тәуелсіздік сарайында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді.

15.30-да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалы және тіл үйретудегі жаңа тенденциялар» республикалық онлайн-семинар басталады.

16.30-да «Астана» концерт залында елорданың 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан полициясы қызметкерлері және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өтеді.

19.00-да ЭКСПО аумағында Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде KASE алаңының таныстырылымы өтеді.

19.00-де «Қазақстан» концерт залында алты өлеңдер, әңгімелер және афоризмдер жинағының авторы Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші басталады.

АЛМАТЫ

10.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңа толқын 100+» тақырыбында жастар FUTURE-Форумы өтеді.

10.00-да Абай атындағы опера және балет театрында Жүргенов атындағы өнер акаедмиясының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтеді.

16.00-де «Интерфакс-Казахстан» агенттігінің баспасөз орталығында Шота Руставели атындағы грузин мемлекеттік театрының баспасөз мәслихаты өтеді.

18.30-де «Quality» мейрамханасында Еуразия шығармашылық гильдиясы қатысушыларының ХХІ кездесуі өтеді.

19.00-де «Grand»Меломан дүкенінде қазақстандық автор Адиля Норузованың «Мы уже не дети» кітабының таныстырылымы өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15:00-де Щучье қаласында Бурабай аудандық ІІБ жаңадан салынған ғимараты пайдалануға беріледі. Шараға ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин қатысады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

15.00-де өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің алдын алу, суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

15.30-да Қатонқарағай ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедиция жасағының слеті өтеді.

16.30-да «Өскемен - Жалаңашкөл», «Семей - Жалаңашкөл» темір жол бағыттары ашылады.

Соңғы жаңалықтар