21 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 маусым күні өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 11.00-де. Тілеп қобыз сарайы қонақүй кешенінде ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Сәуле Айтпаева елорданың үкіметтік емес ұйымдарымен дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де. ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара басталады.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР энергетика министрінің халық алдындағы есебінің қортындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағат 15: 00-де ҚР Парламентінің Сенатында «Ел экономикасының тиімді дамуын қамтамасыз ету аясында көліктік-логистикалық қызметтердің келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Қаржы министрлігінің алаңында ҚР МҚІСҚА төрағасының орынбасары О. Бектенов пен ҚР СІМ жауапты хатшысы Е. Жамаубаев «Адалдық алаңы» жобасы бойынша Жарғыға қол қойылады.

Сағат 15.00-де «Астана Опера» опера және балет театрының Камералық залында «Мемлекеттік тіл және БАҚй республикалық байқауының қорытынды шығарылады.

Сағат 15.00-де Қазақстан құрылысшылар одағы «Көктем Tower тұрғынүй» кешенінің аумағында журналистер аллеясына алғашқы көшеттер егеді.

Сағат 16-00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстанның мемлекеттік қызметі - болашаққа көзқарас»атты жастар форумы өтеді.

Сағат 16: 00-де «Қазмедиа орталығында» ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халықпен есеп беру кездесуі өтеді.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Елімізде ҰБТ-ның алғашқы күнінің қортындысы» тақырыбы аясында баспасөз-конференциясы басталады.

Сағат 19.00-де «Ritz-Carlton Astana» қонақ үйінде «Болашақ» түлектерімен «Болашақ кеші - мен елім үшін не істедім?» атты жиын өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.30-да Rahat Palace Hotel-де «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» атты бірінші халықаралық форум жұмысын бастайды.

Сағат 09.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Заң департаментінің директоры К. К. Сейітованың қатысуымен Қазақстан кітапханалары басшыларының жыл сайынғы кеңесі өтеді.

Сағат 11: 00-де Өтеген батыр кентінде «Прогресс» политехникалық колледжінде мүмкіндігі шектеулі жандарға сертификат тапсыру салтанатты рәсімі өтеді.

Сағат 16.00 -де KASE Тalks алаңына «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков қонақ болады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 10.00-де Бурабай кентіндегі «Щучинск» санаторийінде Жас мемлекеттік қызметшілердің форумы өтеді.

Сағат 11.00-де М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада «Диқан қазынасы» тұңғыш агросалалық фольклорлық жинақтың таныстырылымы өтеді.

Сағат 15.00-де облыс әкімдігі ғимаратында өңір активі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сайлауалды платфомасын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар