21 мамырда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» 21 мамыр күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолуды оқырман назарына ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9.45-те Ұлттық музейде мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің арасындағы «Рухани қазына» І фестивалі өтеді. Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстабек Мұхамедиұлы қатысады деп күтілуде.

Сағат 10.00-де Кәсіподақтар федерациясында «Орта Азия елдеріндегі әлеуметтік-еңбек қатынастары: талдау және келешегі» деген тақырыппен  дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 10.00-де Мәжілісте «үкімет сағаты» өтеді.

Сағат 11.00-де Еуразия экономикалық комиссиясының делегациясы экономикалық және қаржылық саясат жөніндегі коллегия мүшесі Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Қазақстан бизнес қауымдастығымен кездесу өткізеді.

Сағат 14.00-де «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қариннің, «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулиннің,  боксшы Бейбіт Шүменовтің  қатысуымен брифинг өтеді.

Сағат 14.30-да Тәуелсіздік сарайында әлемнің үздік 20 кітапханасының, отандық кітапханалардың  қатысуымен «Әлем астаналарының шежіресі» атты халықаралық көрме өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Rixos Almaty» қонақүйінде «Форум-2018: Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестігі» деген атпен трансшекаралық электронды бизнес саласындағы серіктестік форумы болады.

Сағат 18.00-де «Алматы студенттер альянсының» ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған жастардың дельфи ойындарының ашылу салтанаты өтеді.

Дельфи ойындары - шығармашыл әрі талантты жастардың басын біріктіретін жас өнерпаздар арасындағы  кешенді жарыс.

Соңғы жаңалықтар