21 мамыр. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, дипломат Алексей Юрьевич ВОЛКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолы: 1981-1991 жылдар аралығында Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарады. 1992 жылдан - БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі. 1994 жылдан - БҰҰ және арнаулы халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы. 1996 -1999 жылдары -Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкююілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы). 1999 -2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2005-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары Грекиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.

55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көмекшісі Абай Айдарханұлы БИСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысында туған. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын бітірген. Еңбек жолы: Қазақстан Ғылым Академиясының сыртқы экономика орталығының кіші ғылыми қызметкері (1992); ҚР Мемлекеттік мүлік комисссиясының жетекші маманы, бөлім бастығы, бұқаралық жекешелендіру басқармасының бастығы (1992-1994); ҚР Министрлер Кабинеті іс басқармасы аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы (1994); ҚР Президенті жанындағы Экономикалық кенесшілер кеңесінің қызметкері (1994-1995); ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі (1995-1996); «Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының вице-президенті (1996-1997); «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті (1999-2006); ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары (2006-2012); ҚР Президенті Іс Басқарушысы (2012-2019). «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін»медалімен марапатталған. 2022 жылы наурыздан бастап қазіргі лауазымында.

52 жыл бұрын (1970) Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы ДОСАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Еңбек жолы: 1997 жылы - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» Басқарма төрағасы; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі; 2001 жылы - Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы; 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы; 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі; 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі; 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы; 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі. 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқарма төрағасы. 2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қаңтар айынан бері.

48 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Мақсат Базаралыұлы РАМАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтының (ҚазХТИ), МАХӨ (машиналар, аппараттар, химия өндірісі) факультетін, Д. Қонаев атындағы университеттің заң факультетін, Мемлекеттік заң университетін (ҚазМЗУ) бітірген. Еңбек жолы: 1997-2001 жылдары – Шымкент көлік прокурорының көмекшісі. 2001 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Оңтүстік-Шығыс көлік прокуратурасының ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры болып жұмыс істеді. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бастапқы есепке алу және статистикалық есептілік құжаттарын әзірлеу бөлімінің прокуроры. 2003-2004 жылдары – «Альтаир СК-7» ЖШС құрылыс компаниясының топ-менеджері, коммерциялық директоры. 2004-2010 жылдары – «БГМ» ЖШС директоры. 2010-2020 жылдары – өзінің жекеменшік «Mabex Trade LTD» ЖШС құрылыс компаниясының Бас директоры. Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап. «Құрмет» орденімен, «Құрметті құрылысшы», «Еңбегі үшін», «Тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін», «Экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытудағы ерекше еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

38 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әлия Маратқызы ӘБСЕМЕТОВА дүниеге келді.

Тұран -Астана университетінің «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: «Uzyn.kz» ақпараттық сайттың бас редакторы болып жұмыс істеген, медиа-волонтер, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, ҚХА-ның Алматы облысы бойынша аналар Кеңесінің мүшесі, 2030-ТДМ Қазақстанның ауылдық әйелдерінің арасындағы көшбасшысы, тәуелсіз журналист қызметі үшін «Шапағат» мемлекеттік наградасымен марапатталған және мейірімді аналық жүрегі үшін «Деде Горгуд» халықаралық қоғамдық қорының «Mehriban Ana» орденінің иегері. Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бстап.


Соңғы жаңалықтар