+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

21 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылғы 21 мамыр 08:10
Бөлісіңіз:
21 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1958) Грекиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Юрьевич ВОЛКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. 1981-1991 жылдар аралығында Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарады. 1992 жылдан - БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі. 1994 жылдан - БҰҰ және арнаулы халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы. 1996 -1999 жылдары -Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы). 1999 -2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2005-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы сәуірден бері. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.

2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, 2011 жылы «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және Польша Республикасы Автокефалдық Православиелік шіркеуінің «Қасиетті Мария Магдалена» орденімен марапатталған. 2012 жылы «Польша Республикасына сіңірген еңбегі» командорлық орденімен марапатталды. Қазақ, поляк және орыс тілдерінде жарияланған «Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 20 жыл» атты кітаптың авторы.

53 жылбұрын (1967) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының бірінші орынбасары Абай Айдарханұлы БИСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысында туған. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Ғылым Академиясының сыртқы экономика орталығының кіші ғылыми қызметкері (1992); ҚР Мемлекеттік мүлік комисссиясының жетекші маманы, бөлім бастығы, бұқаралық жекешелендіру басқармасының бастығы (1992-1994); ҚР Министрлер Кабинеті іс басқармасы аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы (1994); ҚР Президенті жанындағы Экономикалық кенесшілер кеңесінің қызметкері (1994-1995); ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі (1995-1996); «Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының вице-президенті (1996-1997); «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті (1999-2006); ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары (2006-2012); ҚР Президенті Іс Басқарушысы (2012-2019). 2019 жылы наурыздан бастап қазіргі лауазымында қызмет етеді. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін»медалімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Асқарбекұлы ДОСАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді. 1997 жылы - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» Басқарма төрағасы; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі; 2001 жылы - Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы; 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы; 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі; 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі; 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы; 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі. 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқарма төрағасы. 2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың ақпан айынан бері.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT