21 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Солтүстік-Батыс циклоны анықтайды, онымен бірге жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек еліміздің шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстан Республикасының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік те шаңды дауылмен, орталық бөлігінде дауыл, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Павлодар облысында екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде шаңды дауылмен.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар