+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

21 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 21 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
21 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 21 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Халықаралық бейбітшілік күні

Жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырады.

Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылдан бастап атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін 21 қыркүйекте мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.

Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери қимылдар жүргізбеу ұсынылды.

Жыл сайын 21 қыркүйекте БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік орнап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды.

Халықаралық Альцгеймер ауруы туралы ақпарат тарату күні

Бұл ауруды зерттеумен және оның дамуын бәсеңдету жолдарын іздеумен айналысатын ұйымдардың бастамасымен құрылған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1989 жылы 11-ші шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің XIV сессиясы болып, онда «Республикадағы саяси реформаны одан әрі жүзеге асыру шаралары туралы» қаулы, «ҚазССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚазССР-дегі тілдер туралы» «ҚазССР депутаттарының сайлауы туралы», «ҚазССР халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің депутаттарын сайлау туралы» заңдар қабылданды(8 депутат конституциялық өзгертулерге қарсы, 26 депутат тілдер туралы заңға қарсы дауыс берді)7 Депутаттарды сайлау және қайта шақыру үшін Орталық сайлау комиссиясы құрылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГФР-ға ресми сапармен барды. Сол күні Н.Ә.Назарбаев ГФР федералды президенті Рихард фон Вайцзеккермен, экономика министрі Юрген Меллеманмен, ХДО/ХӘО парламенттік фракциясы төрағасының бірінші орынбасары Вольфганг Бечпен, «Дойче банк» басқарма мүшесі Герхард Круппен, «Сименс АГ» концернінің басқарма мүшесі Петер фон Сименспен кездесті.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы нота алмасу өтті.

2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ватикан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

2011 жылы Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2012 жылы Мадридте «Қазақстан және кино: 1970-2011» циклы ашылды, оның аясында қазақстандық режиссерлердің жұмысы көрсетілді.

Циклге «Қызғалдақ», «Қыз Жібек», «Көшпенділер», «Мұстафа Шоқай», «Қош бол, Гүлсары» және т.б. кірді.

2014 жылы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы аумағындағы Тақсай қорғанынан 2012 жылы ақсүйек әйелдің қабірі табылған болатын. Оның бейнесі қалпына келтіріліп, «Алтын ханшайым» деп аталған көрме Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды. Сонымен қатар, көрмеден біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жататын ақсүйек әйелдің аса құнды әшекейлері және тұрмыстық бұйымдары да орын тапты.

2016 жылы Павлодарда облысы әкімдігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына берген ескі ғимаратта археологиялық орталық ашылды. Оған белгілі археолог, әлемге әйгілі тарихшы Әлкей Марғұланның есімі берілді.

2018 жылы Алматыда «Қазақ музыкасының антологиясы» таныстырылды. «Қазақ музыкасының антологиясы» - бұл Қазақстанда алғаш рет классикадан қазіргі заманғы композицияларға дейін 4K түсірілімін қолдана отырып жасалған 30 аспаптық шығарманың кәсіби бейне жазбалары.

2018 жылы Қазақстанда тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-өнегелік тәрбиелеу орталығы ашылды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеушілер мен облыс тұрғындары есебінен 350 миллион теңгелік бірегей жоба жүзеге асырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT