+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

21 компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетті

2021 жылғы 22 шілде 20:08
Бөлісіңіз:
21 компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 компания құрылыс материалдары бойынша монополияға қарсы органның хабарламаларын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Бұқтырмадағы көпір құрылысы қыста да жалғасады Қарқаралыда студенттер үшін 100 орындық жатақхана салынды Жамбыл облысында қанша шақырым жол жөнелді

Мемлекет басшысының құрылыс материалдары нарықтарында шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері елдің барлық өңірлеріндегі құрылыс материалдары нарықтарында бағаның көтерілуінің негізділігіне монополияға қарсы талдау жүргізуді жалғастыруда.

Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының 25 нарығы талдануда.

Талдауға құрылыс материалдарын өндіруді және көтерме жеткізуді жүзеге асыратын 1000-нан астам нарық субъектісі қамтылған.

Жалпы, бағаның төмендету бойынша 57 хабарлама шығарылды.

Осы жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында БҚДА-ның аумақтық монополияға қарсы департаменттері құрылыс материалдарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге құрылыс материалдарының 13 түрі бойынша (арматура, кірпіш, табақ шыны, бетон, бетоннан жасалған қабырға блогы, цемент, кабель, профлист, қадалар, жабын плитасы, полиэтиленді құбырлар, мин.плита, газ блоктары) 700-ге жуық сұраныс жіберді. 16 шілдеден былай қарай құрылыс материалдарын өндірушілерге тағы қосымша 349 жаңа сұраныс жолданды.

Аумақтық департаменттер құрылыс материалдары нарығы субъектілеріне қатысты жүргізген талдаулар нәтижесінде, бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 57 хабарлама шығарды:

-15 кірпіш бойынша Нұр-сұлтан (4), Шымкент (1) қалаларында, Ақмола (4), Түркістан (3), Қызылорда облыстарында (3);

-15 цемент бойынша Шымкент қ. (2), Ақмола (4), Түркістан (2), Ақтөбе (2), Шығыс Қазақстан (2), Жамбыл (2), Қызылорда облыстарында(1);

-12 арматура бойынша Павлодар (3), Шығыс Қазақстан (2), Атырау (2), Солтүстік Қазақстан (2), Жамбыл (1), Қостанай (1), Батыс Қазақстан облыстарында (1);

- 4 бетон бойынша Шығыс Қазақстан (2), Қызылорда облыстарында (2);

- 3 полиэтилен құбырлары бойынша Ақмола (2), Батыс Қазақстан облыстарында (1);

- 2 қиыршық тас бойынша Алматы облысында;

- 2 швеллер бойынш Шығыс Қазақстан (1) және Алматы қ. (1);

- 1 кабель бойынша Батыс Қазақстан облысында;

- 1 шыны бойынша Қарағанды облысында;

-1 бетоннан жасалған қабырға блогы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында;

- 1 паркет тақталары бойынша Алматы қ;

Бүгінгі күні 21 компания хабарламаны орындады, оның ішінде мыналарға бағаны төмендету арқылы:

- цементке Ақмола облысындағы («Фирма Строительный Двор» ЖШС, «База ВостокСтрой» ЖШС, ЖК «Дворцевая е. в.», ЖК «Егоров п. н.») 32 000-нан 27 000 теңгеге дейін;

- арматураға Шығыс Қазақстан облысындағы («Беакрис-Металл» ЖШС) 460-тан 441 мың теңгеге дейін және («Титан-Восток» ЖШС) 438-ден 350 мың теңгеге дейін;

- швеллерлерге Шығыс Қазақстан облысындағы («ПКФ «Титан« ЖШС) 360-тан 350 мың теңгеге дейін;

- полиэтиленді құбырларға Ақмола облысындағы (»Тыныс« АҚ) 1 952 теңгеден 1 430 теңгеге дейін (»Арыстан «Степногорск құбыр зауыты» ЖШС) 2 081 теңгеден 1 962 теңгеге дейін;

- қиыршық тасқа Алматы облысындағы («Кентас» ЖШС, «АҚНМ»ЖШС)текше метріне 1 650-ден 1 200-ге дейін;

- кабельге Батыс Қазақстан облысындағы («ОК Орал Кабель» ЖШС) 5-тен 14%-ға дейін төмендетті .

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында келісілген іс-қимыл белгілері бойынша арматураны жеткізуші «Мечел-Сервис Казахстан» ЖШС-не қатысты тергеу тағайындалды.

Цемент («компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Central Asia Cement» АҚ, «Әулие-Ата цемент» ЖШС, «Әулие-ата цемент груп» ЖШС), кірпіш («Д.Д. А.» ЖШС, «Шалкибаев» ЖК), қиыршық тас («Ақтас» ЖШС, «Керамик инвест» ЖШС), бетон және темірбетон бұйымдарын («Нұр-Строй ЛТД» ЖШС, «БатысАльянсСтрой» ЖШС) 10 өндіруші және жеткізушілермен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау және бағаны төмендету туралы комплаенс жасалды.

Монополияға қарсы комплаенс аясында Қарағанды облысы бойынша цемент өндіруші «Central Asia Cement» АҚ осы жылдың 20 шілдесінен бастап бағаны 7% - ға төмендетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT