+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

21 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

2021 жылғы 18 қазан 16:42
Бөлісіңіз:
21 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 21 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізіле ме ЕАЭО аумағы арқылы қазақстандық тауарлардың экспортына шектеу бар - Әбдіров 2021 жылдың 8 айында Қазақстан экспорты 16 пайызға артты – Нұрлан Әбдіров

Соған сәйкес алдағы палата отырысында сенаторлар «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесін қызметіне тағайындау туралы» ұсынымды қарайды.

Сонымен қатар күн тәртібінде екі заң жобасы қаралады. Олардың бірі – «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы. Аталған құжат теңіз ортасының жерүсті көздерінен ластануын болдырмауға және азайтуға ықпал етеді. Одан бөлек, хаттаманы ратификациялау ең озық қолжетімді технология мен табиғатты қорғау тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ депутаттар алдағы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайды. Заң жобасы мемлекеттік сатып алуды ерекше жағдайларда ғана тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруды көздейді.

Одан бөлек, бюро отырысында бұған дейін Мәжілістен келіп түскен «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы жұмыс үшін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT