+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

21 қазан. Туған күн иелері.

2019 жылғы 21 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
21 қазан. Туған күн иелері.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 21 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


63 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Салық төлеушілер қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Жұрғалиқызы ЕРТІЛЕСОВА дүниеге келген.

Ол Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист (1978).

Еңбек жолы: ҚазССР мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗЭИ экономисі (1978); ҚазССР мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі (1986-1991); ҚР экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы экономика және нарық қатынастары ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары (1991-1993); Қаржы-несие саясаты басқармасының бастығы, ҚР Экономика министрлігі министрінің орынбасары (1993-1995); ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы, (1995; 1997-1999); ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі, бірінші вице-министр (1997-1999); «Қазақтелеком» ААҚ экономика мәселелері жөніндегі бас директоры, вице-президенті (1999-2000); ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары (2000-2001); ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары (2001); «Сана-консалтинг» ЖШС-ның бас директоры (2001-2003); ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары (2003-2004); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры (2004-2007); «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (2007); ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары (2013-2015); «Эксперт Казахстан» журналының директоры (2015 жылдан бастап).


55 жыл бұрын (1964) Қызылорда қалалық сотының төрағасы Мұхтар Жүсіпбекұлы ЕРКІНБЕКОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген (1991).

Бұл қызметке келгенге дейін Жаңақорған ауданының Бірлік кеңшарында жұмысшы, Қызылорда қалалық прокуратурасында стажер тергеуші, тергеуші, қалалық табиғатты қорғау прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратурада аға тергеуші, одан кейін тергеу бөлімінің прокуроры, МТК-нің Шиелі аудандық бөлімінің бастығы, осы мекеменің облыстық департаментінде бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары болды. Қызылорда қалалық ІІБ бастығының орынбасары, облыстық қаржы полициясы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының соттар әкімшісі, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Қызылорда облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT