21 қазан. Туған күн иелері.

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1955) қоғам қайраткері, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Көшім Қалмаханұлы ДОСМАХАНБЕТ дүниеге келді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген (1981).

1981-1999 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында оқытушы; 1999-2005 жылдары - «Әділ сайлау» қоғамдық қозғалысының жауапты хатшысы, республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің президенті; 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің президенті; 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата кеңесінің мүшесі.

54 жыл бұрын (1964) Қызылорда қалалық сотының төрағасы Мұхтар Жүсіпбекұлы ЕРКІНБЕКОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген (1991).

Бұл қызметке келгенге дейін Жаңақорған ауданының Бірлік кеңшарында жұмысшы, Қызылорда қалалық прокуратурасында стажер тергеуші, тергеуші, қалалық табиғатты қорғау прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратурада аға тергеуші, одан кейін тергеу бөлімінің прокуроры, МТК-нің Шиелі аудандық бөлімінің бастығы, осы мекеменің облыстық департаментінде бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары болды. Қызылорда қалалық ІІБ бастығының орынбасары, облыстық қаржы полициясы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының соттар әкімшісі, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Қызылорда облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

185 жыл бұрын (1833-1896) швед өнертапқышы әрі кәсіпкері, Лондон корольдік қоғамының және Швед ғылым академиясының мүшесі  Альфред Бернхард НОБЕЛЬ  дүниеге келді.

Швецияның Стокгольм қаласында туған. Ғалым 1864 жылы күркіреуік сынапты капсюль-детонатор жасайды, ал 1867 жылы динамит жасау жұмысына патент алып, оны үлкен көлемде шығаруға кіріседі. Сөйтіп орасан зор байлыққа ие болады. Өзі қайтыс боларының алдында өсиет қалдырып, артындағы мұрасының өсімінен жыл сайын ғылым мен мәдениет саласындағы ең елеулі жаңалықтарға сыйлық  тағайындауды аманаттап кеткен. Осылайша халықаралық Нобель сыйлығы пайда болды.

Соңғы жаңалықтар