21 қазан күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазанда республиканың кей жерлерінде құбылмалы күн райы сақталады, жауын-шашын болады. Батыста және оңтүстікте жексенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК-дан мәлім еткендей, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Ақмола блысының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Қызылорда, түнде және таңертең Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында түнде 1-3 градус аяз сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар