+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

21 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 21 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
21 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 21 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1868 жылы Ақмола облысы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Атбасар және Ақмола уездері, сондай-ақ Омбы және Петропавл қалаларында тұрған Сібір казактары әскерлерінің І, V және VI полкы округтерінің учаскелері кірді.

1930 жылы еліміздегі екі ескі жоғары оқу орны – Алматы зооветеринарлық және Қазақ ауыл шаруашылығы институтының базасында Қазақ ұлттық аграрлық университеті құрылды. Жоғары оқу орны қызмет атқарған жылдары 100 мыңнан астам маман дайындалып, олар еліміздің аграрлық өнідірісі мен ғылым және білім саласының дамуына өз үлестерін қосты.

1996 жылы Ташкентте түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2004 жылы Павлодар облысы әкімдігінде «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арнап басып шығарған «Тың жер: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Басылымға алғаш рет қазақстандық тың игерушілердің деректі айғақтары, фототүсірілімдер мен материалдар енген.

2009 жылы Астанада Қазақстанның тұңғыш жел атласының таныстырылымы өтті.

Аталған жел атласы - Қазақстан аумағындағы кез келген нүктедегі желдің жылдық орташа жылдамдығы жайында хабардар ететін интерактивті карта. Атласты жасаушылардың айтуынша, Қазақстан жерінің 50 мың шаршы шақырымы жел энергетикасын дамытуға қолайлы. Ал осы әлеует пайдаға жаратылатын болса, жылына 900 мың ГВт/сағ. электр энергиясы алынады деп болжануда.

2011 жылы Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды.

2011 жылы Алматыда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің І Саммиті ашылды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстанның басшылары қатысты. Саммит қорытындысында Алматы декларациясына қол қойылды.

2015 жылы Шымкент қаласында «Қазына» этнотарихи кешені салтанатты түрде ашылды. Кешен 75 гектар жерді алып жатыр. Этносаябақтағы жаяу жүргіншілер аллеясының бойына өңірдегі 27 тарихи-сәулеттік ескерткіштердің макеттері қойылған. Кешеннің құрамында «Бәйдібек» ескерткіші, «Наурыз» алаңы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, «Салт-дәстүр және әдеп-ғұрып» орталығы, «Жайлаукөл» демалыс орны біріктіріліп, бірыңғай сәулеттік ансамбльді құрайды. Саябақтың ортасына диаметрі 21 метрлік түрлі-түсті субұрқақ салынып, оны айнала ротондалар орналасқан. «Жайлаукөлдің» айналасындағы демалыс аймағының көлемі 15 гектарды алып жатыр. Көл жағалауына 4 ротонда, қайық стансасы, автокөлік тұрағы салынып, киіз үйлерден тұратын қазақы ауыл орын алған. Осылайша бұл жер қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір заманауи демалыс орнына айналды.

2017 жылы СҚО Айыртау ауданындағы Уәлихановтардың атадан мирас болып қалған мекені Қазақстанның киелі жерлері қатарына енгізілді. «Сырымбет» мекені 19 ғасырға тиесілі ағаш сәулетінің ескерткіші. Ол Сырымбет ауылынан үш шақырым қашықтықтағы көркем табиғатты қарағайлы төбешіктердің ортасында орналасқан. Ол тұтас ауылды дала желінен қорғап тұрады. Уәлихановтар үй-жайы сыртынан қарағанда 19 ғасырдағы орыс дворяндарының мекенін еске салады. Солай болатыны заңды да. Өйткені, үй-жай император бірінші Александрдың 1824 жылдың 30 сәуіріндегі бұйрығы бойынша, Уәли ханның жесірі, Абылай ханның келіні және Шоқанның әжесі Айғанымға арналып салынған. Сырымбетте бұл үйден басқа, мешіт, мектеп, диірмен, қызметшілерге арналған үй, монша және басқа да шаруашылық орындары бар.

2017 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Тұманбай Молдағалиев пен Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылды.

Тұманбай Молдағалиевтің ескерткіші Мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылды. Бюст қоладан жасалған, тұғыры – гранит. Жалпы биіктігі – метр. Эскиз жобасының авторы – Құрманғазы Қадыров, мүсінші – Алтай Бейсенов.

Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ақынның аты берілген жастар саябағында тұрғызылды. Бюст қоладан жасалған, тұғыры – мәрмәр. Жалпы биіктігі - метр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT