21 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 21 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1868 жылы  Ақмола облысы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Атбасар және Ақмола уездері, сондай-ақ Омбы және Петропавл қалаларында тұрған Сібір казактары әскерлерінің І, V және VI полкы округтерінің учаскелері кірді.

1930 жылы еліміздегі екі ескі жоғары оқу орны - Алматы зооветеринарлық және Қазақ ауыл шаруашылығы институтының базасында Қазақ ұлттық аграрлық университеті құрылды. Жоғары оқу орны қызмет атқарған жылдары 100 мыңнан астам маман дайындалып, олар еліміздің аграрлық өнідірісі мен ғылым және білім саласының дамуына өз үлестерін қосты.

1996 жылы Ташкентте түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2003 жылы Астанада Transport Tower атты жаңа әкімшілік-технологиялық кешен ашылды.

2004 жылы Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерімен кездесті.

2004 жылы Павлодар облысы әкімдігінде «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арнап басып шығарған «Тың жер: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Басылымға алғаш рет қазақстандық тың игерушілердің деректі айғақтары, фототүсірілімдер мен материалдар енген.

2004 жылы Семейдегі «Роза» ЖШС әлемдегі ең үлкен байпақ жасап шығарды. Оның өлшемі - 106, қонышының биіктігі 178 сантиметр және салмағы 16,5 кг.

2005 жылы Таразда жаңа өндіріс - Қазақстандағы бірден-бір керамзит бұйымдарын өндіретін зауыттың таныстырылымы болды.

2009 жылы Астанада Қазақстанның тұңғыш жел атласының таныстырылымы өтті.

Аталған жел атласы - Қазақстан аумағындағы кез келген нүктедегі желдің жылдық орташа жылдамдығы жайында хабардар ететін интерактивті карта. Атласты жасаушылардың айтуынша, Қазақстан жерінің 50 мың шаршы шақырымы жел энергетикасын дамытуға қолайлы. Ал осы әлеует пайдаға жаратылатын болса, жылына 900 мың ГВт/сағ. электр энергиясы алынады деп болжануда. Атлас - жел энергиясын алудың тиімді, басымдықты аймақтарын оңай анықтауға мүмкіндік беріп, осы салаға инвестициялар тартуға, жел энергиясын өндіру көрсеткіштерін арттыруға жол ашады.

2011 жылы Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірде көлік қозғалысы салтанатты түрде ашылды. Көпір ұзындығы - 313 метр, ол «Астана-Қостанай- Челябі» халықаралық дәлізінің бір бөлігі.

2011 жылы Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды.

2011 жылы Алматыда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің І Саммиті ашылды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстанның басшылары қатысты. Саммит қорытындысында Алматы декларациясына қол қойылды.

2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында Елбасы Австрияның Федералды Президенті Хайнц Фишермен және Австрияның басқа саяси және іскерлік орта өкілдерімен кездесіп, қазақстандық-австриялық бизнес-форумның ашылуына қатысты.

2012 жылы Түркиядағы Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында Ыстанбұлдың археологиялық музейінде «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» деген тақырыппен «Алтын адам» көрмесінің тұсаукесері өтті.

2013 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әлемдік премьера кешін Дж.Вердидің «Атилла» операсы ашты. Премьерада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болды.

2015 жылы Осло қаласында әлемнің Нобель институтында «Қазақстандағы МАГАТЭ-де жаңа төмен байытылған уран банкі. Қаруды таратпау режімінің инновациялық аспабы» атты тақырыпта конференция өтті.

Қатысушылар ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан, Семейдегі ядролық сынақ полигонын жапқан Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкін орналастыру бастамасын жоғары бағалады. 

Соңғы жаңалықтар