+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

21 қараша. Туған күн иелері

2020 жылғы 21 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
21 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
1 желтоқсан. Туған күн иелері 1 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі 27 қараша. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1961) Энергетикалық хартия Бас хатшысының арнайы өкілі, WPC маркетинг жөніндегі вице-президенті және атқарушы комитетінің мүшесі Жанболат Жақияұлы СӘРСЕНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

И.И.Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық академиясын «денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша (1982), Киев дәрігерлерді жетілдіру институтының ординатурасы мен аспирантурасында оқуын жалғастырған («зерттеуші дәрігер», 1992); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2003), Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2005). Еni Corporate University «Маster of Реtroleum Businesses» мамандығы бойынша дайындықтан өткен. 90-жылдары бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарды басқарған. «Мұнай және газ тасымалы» ҰК« АҚ және «ҚазМұнайГаз« ҰК» АҚ жүйесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. 2003 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК« АҚ-тың көлік инфрақұрылымы және қызметтік жобалар бойынша атқарушы директоры. 2003-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» сауда үйі« ЖАҚ-тың бас директоры. 2004-2005 жылдары «КазРосГаз» АҚ бас директоры. 2005 жылдың маусым-желтоқсанында — «ҚазМұнайГаз» ҰК« АҚ аппарат басшысы. 2005 жылдың желтоқсанында «KAZENERGY« мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ-ның бас директоры болып тағайындалды. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы (2016-2017).

«Құрмет» (2010), «Парасат» (2015) ордендерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Kazenergy-ге 10 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.


50 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Raimbek Group» холдингі компаниялары Директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Әнуарұлы БАТАЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.

1992-1998 жылдары - «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары -- «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі; «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық палатасының Басқарма мүшесі (2007 жылдан); 2014 жылдан бастап - Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті, Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Алматы хайуанаттар бағына әлеуметтік көмек» қорының қамқоршылық кеңесінің басшысы, Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы Алматы симфониялық оркестрінің «Достар клубының» мүшесі.

Қазақстан меценаттар клубының әдебиет, ғылым, өнер және ағарту саласындағы тәуелсіз сыйлығының құрылтайшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT