21 қараша. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

57 жыл бұрын (1961) Энергетикалық хартия Бас хатшысының арнайы өкілі (2015 жылдан бастап), Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы (2016 жылдан бастап) Жанболат Жақияұлы СӘРСЕНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

И.И.Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық академиясын «денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша (1982), Киев дәрігерлерді жетілдіру институтының ординатурасы мен аспирантурасында оқуын жалғастырған («зерттеуші дәрігер», 1992); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2003), Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2005). Еni Corporate University «Маster of Реtroleum Businesses» мамандығы бойынша дайындықтан өткен. 90-жылдары бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарды басқарған. "Мұнай және газ тасымалы" ҰК" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жүйесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. 2003 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК" АҚ-тың көлік инфрақұрылымы және қызметтік жобалар бойынша атқарушы директоры. 2003-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» сауда үйі" ЖАҚ-тың бас директоры. 2004-2005 жылдары «КазРосГаз» АҚ бас директоры. 2005 жылдың маусым-желтоқсанында - «ҚазМұнайГаз» ҰК" АҚ аппарат басшысы. 2005 жылдың желтоқсанында "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы" ЗТБ-ның бас директоры болып тағайындалды.

 

48 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Raimbek Group» холдингі компаниялары Директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Әнуарұлы БАТАЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.

1992-1998 жылдары - «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары -- «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болған. 2004 жылдан - қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1977) ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Сұлтанұлы БАТАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін тәмамдаған. 2004 жылы - Алматы технологиялар және бизнес университетін «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша аяқтаған. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) оқып, ақпараттық технологиялар менеджменті магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2000-2009 жылдары Қазақстан метрология институтында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2011-2013 жылдары - Экономикалық зерттеулер институтының бас сарапшысы; ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының референті, сарапшысы, кеңес берушісі. 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2014-2016 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары болған. 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпан айынан бастап.

39 жыл бұрын (1979) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Рыспекұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2000 жылы Мемлекеттік қаржы институтын «Қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша; 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Кәсіби қызметін 2001 жылы «Қазақстанның Наурыз банкі» АҚ несиелеу маманы болып бастады. 2002 жылдан 2010 жылға дейін банктік құрылымдарда аудитор, несиелеу бойынша маман, проблемалық қарыздар жөніндегі бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары - "Астана-Қаржы" лизингтік компаниясы" АҚ басқарма басшысы; 2012-2013 жылдары - "Максимум" аймақтық инвестициялық орталығы" ЖШС бас директорының орынбасары; 2014-2016 жылдары - "Астана-Қаржы" лизингтік компаниясы" АҚ тәуекелдерді басқару басқармасының басшысы, проблемалық жобалармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры. 

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың қараша айынан бастап.

Соңғы жаңалықтар