+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

21 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 21 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
21 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 21 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

1973 жылдан аталып өтеді. Бұл күнді өткізу идеясын Американың Небраска штатында тұратын ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак ұсынды. Бұл «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық белгісі болатын. «Қарапайым да тиімді амал табу қажет» деп шешкен жігіттер ақжарқын көңілмен әлемнің түкпір-түкпіріне сәлем хаттар жөнелтеді. Олардың идеясы қолдау табады. Содан бастап жыл сайын 21 қарашада Бүкіләлемдік сәлемдесу, қуаныш, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күй күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік телевизия күні

1996 жылы 21 қарашада БҰҰ штаб-пәтерінде өткен тұңғыш Дүниежүзілік телевизия форумының құрметіне сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1988 жылы Мәскеуде Арал теңізінің күндері ашылды. Теңіз аймағындағы экологиялық жағдай қоғамның алаңдаушылығын туғызды.

2005 жылы қазақстандық «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедициясының командасы Жердің ең суық құрлығындағы екінші шыңды бағындырып, оған Қазақстанның астанасы құрметіне «Астана» деген ат қойды. Экспедиция құрамында кәсіби альпинистермен қатар, әуесқойлар да болды.

2005 жылы Таразда ислам ойшылы, дін зерттеушісі, ақын, ағартушы Саид Махмұд ат-Таразиді еске алу шаралары болып өтті.

Ғалым тұрған үйге ескерткіш тақта орнату және облыс орталығында бір көшенің атын беру туралы шешім 1995 жылы қарашада Саид Махмұд ат-Таразидің туғанына 100 жыл толуына арналып Тараз қаласында Қазақстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен өткен ғылыми-практикалық конференцияда қабылданған болатын. Атақты ғалым 1923-1930 жылдары тұрып, еңбек еткен Тараздағы медресе мен Әбдіқадыр көне мешітінде салтанатты жағдайда ескерткіш тақта орнатылды. Қаладағы бұрынғы Пролетар көшесі енді Саид Махмұд ат-Таразидің есімімен аталады. Ғалымды еске алу шараларын өткізуге қаладағы өзбек ұлттық орталығы да атсалысты.

2006 жылы Жидебай шатқалында Семей облысындағы Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық кешені құрылымының бір бөлігі - ақын, атақты философ, талантты композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының республикадағы тұңғыш мұражайы ашылды. Экспозиция «Аңшы үйі» деп аталып, өткен ғасырдың 30-ыншы жылдарында қуғын-сүргінге ұшыраған ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын толықтай ашатын материалдар жинағы топтастырылған.

2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының І дәрежелі «Қос ақ крест» орденімен марапатталды. Бұл орденді Братиславада Н. Назарбаевтың аталған елге мемлекеттік сапары аясында Словакия Президенті Иван Гашпарович табыс етті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының «Алтын Биатек-2007» құрметті мерейтойлық наградасымен марапатталды. Өз кезегінде Словакия Президенті И. Гашпарович те Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

2008 жылы Ыстанбұлда Парламент төрағаларының конференциясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия арасында Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын (ТүркПА) құру туралы келісімге қол қойылды.

2012 жылы Алматыдағы «Ғылым ордасы» РМК-да Қазақстан ғылымының тарихы, Сирек кездесетін кітаптар, Археология, Табиғат мұражайы деген төрт музей ашылды.

Археология музейінің ашылуы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап, қазақстандық ғалымдардың жұ­мысымен, отандық археология ғылымының даму барысымен тікелей байланысты.

2012 жылы «Алтын адам-2012» сыйлығында жылдың үздік дәрігері номинациясында халықаралық дәрежедегі кардиохирург Юрий Пя жеңімпаз атанды. Оған алтын батырдың мүсіншесі және сертификат берілді.

2013 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бас ассамблеядағы дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау бойынша Конвенциясының аясында Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелерін сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, ЮНЕСКО аясында жүргізілген шаралар, жұмысты белсенді әрі нәтижелі жүргізудің нәтижесінде және оның түрлі органдарының арқасында Қазақстан бірінші рет 2013-2017 жылдарға арналған кезеңге Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі болып сайланды.

2014 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға «Ана» естелік монетасын шығарды. Алтын жалатылған және номиналы 500 теңге күміс монеталарда адам құндылығын көрсетуге арналған «Жүректен жүрекке» сериясына жатады.

2015 жылы Голландияның Роттердам қаласында Қазақстан астанасының құрметіне «Астана» алаңы ашылды.

2016 жылы Қазақстан Республикасында баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» тегін желісі жұмыс істей бастады. Аталған нөмірге хабарласқан бала өзінің құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

2018 жылы Бакуде Әзербайжан-Қазақстан жастар форумы ашылды. Бұл екі елдің жастар саясаты, жүзеге асып жатқан стартап-жобалар таныстырылған алғашқы форум.

2018 жылы ұлт тарихы және еліміздің дүниежүзі тарихындағы рөлін объективті түсінудің қажеттілігіне арналған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT