21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбі елімізде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейіп, күндіз бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтідеді.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 30 м/с асады.

Соңғы жаңалықтар