+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

21 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылғы 21 қаңтар 08:13
Бөлісіңіз:
21 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

270 жыл бұрын (1750-1813) батыр, әулие, ағартушы, сәулетші БЕКЕТ АТА (Бекет Мырзағұлұлы) дүниеге келді.
Хорезмде Пақыржан қажыдан білім алды. Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салып, халықты сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Жерасты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер болған.
Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы. Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қастерлеп, пір тұтқан.
Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген.

64 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясының төрағасы Әділ Жамбасбайұлы ҚҰРЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады (1981).

Еңбек жолы: Алматы қаласында «Университетстрой» ҚМБ жұмысшы (1973-1974); Қостанай қалалық сотында тағылымдамадан өтуші (1981-1982); Қостанай сотының судьясы (1982-1986); Қостанай облыстық сотының мүшесі (1986-1992); Алматы облысы Іле аудандық сотының төрағасы 1992-1996); Алматы қалалық сотының судьясы (1996-2000). Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (2000-2019); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі (2016-2019).

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1961) Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мақсұт Ыбрайханұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1983); КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов жоғары курсын (1988); ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1995) бітірген, заңгер. Еңбек жолы: Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Ақпараттық–талдау департаменті бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңес Төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Манғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша басшысы лауазымдарында болды. 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың ақпанынан.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және өзге ведомстволық наградалармен марапатталған.

54 жыл бұрын (1966) белгілі қазақстандық актер Фархат Нұрсұлтанұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан). 1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры. 1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері.
«Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат («Мосфильм» - «Қазақфильм», 1996), «Фара» - Фара («Қазақфильм», 1999), «Застава» - Есірткі бароны («Мосфильм», 2005), «Хоккайдо полициясы» - мафия бастығы («Мосфильм», 2008), «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан («Қазақфильм», 2010), «Махаббат тәлкегі» - Жаттықтырушы (2010), «Тасадағы махаббат» - Сергей («Мосфильм», 2010), «Нағыз полковник» - Жандос («Мосфильм» - «Қазақфильм», 2010) және өзге де кинофильмдерге түскен. ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті (2001 жылдан). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (2005 жылдан). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері (1996), XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері (Мәскеу, 1999), «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері (2000).

43 жыл бұрын (1977) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Алмасұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, шетел университеттерінде оқыған.

1998-2007 жылдары банк жүйесінде жұмыс істеген. 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының стратегия және талдау бойынша бөлімшелерін басқарды. 2011-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының қызметін атқарды. Әр-түрлі жылдарда «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңестің) мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі ретінде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту бағыты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда (соның ішінде қаржы нарығындағы Консультативтік комитет аясында) Қазақстан Республикасын (Ұлттық Банк) таныстыруда жұмыс атқарды. 2018-2019 жылдары «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың желтоқсанынан.

Мемлекеттің марапаттардың иегері, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, III дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

39 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Нұрашұлы ЕСИН дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілдесінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT