21 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

269 жыл бұрын (1750-1813) батыр, әулие, ағартушы, сәулетші БЕКЕТ АТА Мырзағұлұлы дүниеге келді.
Хорезмде Пақыржан қажыдан білім алды. Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салып, халықты сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Жерасты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер болған.
Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы. Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қастерлеп, пір тұтқан.
Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген.

63 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (2000 жылдан); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі (2016 жылдан) Әділ Жамбасбайұлы ҚҰРЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады (1981).

Еңбек жолы: Алматы қаласында «Университетстрой» ҚМБ жұмысшы (1973-1974); Қостанай қалалық сотында тағылымдамадан өтуші (1981-1982); Қостанай сотының судьясы (1982-1986); Қостанай облыстық сотының мүшесі (1986-1992); Алматы облысы Іле аудандық сотының төрағасы 1992-1996); Алматы қалалық сотының судьясы (1996-2000).

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1959) Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсот Сайполұлы МҰҚАНОВ дүниеге келді.

Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университет) ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша бітірген.

Меңгерген мамандығына сәйкес, еңбек жолын 1985 жылы Қызылқоға ауданының шаруашылықтарында бастап, аға экономист, бас экономист болды. 1989 жылдан мемлекеттік қызметте - аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінде төрағаның орынбасары, экономика комитетінің төрағасы, экономика, қаржы және қаржы бақылау бөлімдерінің басшысы. 2006-2013 жылдары - ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары. 2013-2017 жылдары - Қызылқоға ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың қазан айынан бастап.

58 жыл бұрын (1961) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1983); КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов жоғары курсын (1988); ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1995) бітірген, заңгер. Еңбек жолы: Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Ақпараттық-талдау департаменті бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңес Төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Манғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша басшысы лауазымдарында болды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және өзге ведомстволық наградалармен марапатталған.

53 жыл бұрын (1966) белгілі қазақстандық актер Фархат Нұрсұлтанұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан). 1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры. 1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері.
«Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат («Мосфильм» - «Қазақфильм», 1996), «Фара» - Фара («Қазақфильм», 1999), «Застава» - Есірткі бароны («Мосфильм», 2005), «Хоккайдо полициясы» - мафия бастығы («Мосфильм», 2008), «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан («Қазақфильм», 2010), «Махаббат тәлкегі» - Жаттықтырушы (2010), «Тасадағы махаббат» - Сергей («Мосфильм», 2010), «Нағыз полковник» - Жандос («Мосфильм» - «Қазақфильм», 2010) және өзге де кинофильмдерге түскен. ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті (2001 жылдан). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (2005 жылдан). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері (1996), XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері (Мәскеу, 1999), «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері (2000).

43 жыл бұрын (1976) «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Зейноллаұлы ӘБІЛДИНОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін (1998); Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (2010); Қазақ инженер-техникалық академиясын (2014) бітірген, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолы: Ақмола орман шаруашылығының шебері (1999-2000); Ақмола орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман шебері (2000-2002); «Еуразия Бизнес НС» ЖШС көгалдандыру жөніндегі менеджері (2002-2004); «Көгалдандыру құрылысы» МКК-да көгалдандыру құрылысы жөніндегі учаске шебері (2004); «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ-да бақтар мен саябақтарды бақылау жөніндегі учаскенің прорабы (2004-2012); «Астана Орманы» ЖШС директорының жасыл белдеуді дамыту жөніндегі орынбасары (2012-2013); «Астана Орманы» ЖШС директоры (2013-2015).

Қазіргі қызметін 2015 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.

«Көгалдандыру құрылысына» 60 жыл», «Ерең еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

42 жыл бұрын (1977) «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ төрағасы Нұрлан Алмасұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын тәмамдады, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды.

Еңбек жолы: Ұлттық банк қызметкері (1998-2007), 2008 жылдың 23 мамырынан бастап 2011 жылдың 17 мамырына дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің стратегия және талдау департаментінің директоры; 2011 жылдың 18 мамырынан бастап 2011 жылдың 12 қазанына дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық департаменті директорының орынбасары; 2012 жылдың 12 қазанынан бастап- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау әдістемесі департаментінің директоры; 2012 жылдың 31 мамырынан бастап осы кезге дейін - Биржалық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі. Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың тамыз айынан бастап.

Соңғы жаңалықтар