21 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 21 қаңтар күні елімізде өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің жетекшілігімен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2018 жылғы жұмысын қорытындылауға арналған жиналыс өтеді.

12.00-де Ақордаға Зимбабве Республикасының президенті Эмерсон Мнангагва ресми сапармен келеді.

17.00-де «Керуен» ойын-сауықтық орталығының №5 кинозалында «Сырқат тарихы» ("История болезни" ) атты жаңа телевизиялық жобаның тұсаукесері өтеді.


АЛМАТЫ

10.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында қазақстандық әйелдердің жатыр мойны қатерлі ісігі мәселесіне арналған онкологтардың баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де "Интерфакс - Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығында "Қазавтопром" Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Алматы Менеджмент Университетінде (ALMAU) алматылық студенттердің алкогольді тұтыну мәселесі туралы баспасөз мәслихаты басталады.

12.00-де «Almaty Towers» бизнес-орталығында KASE Қазақстанның Қор биржасының 2018 жылғы қызметі туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар