+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

21 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар

2020 жылғы 20 қаңтар 21:53
Бөлісіңіз:
21 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қаңтарда болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада түрік шайын таныстыру шарасы өтеді Қазақстанның кейбір аумақтарында жолдар ашылды Алматы облысында 257 азаматтың жалақы бойынша берешегі өтелді

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов азаматтарды қабылдайды.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бюджетаралық қатынастар, несиелендіру және білім беру мәселелері бойынша негізгі заңнама нормаларын түсіндіру« тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында қазақ халқының ұлы ойшылы және ақыны Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің ресми ашылу салтанаты және Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді.

15.00-де Шымкент қаласындағы метил терт-бутил эфирін (МТБЭ) шығаратын жаңа зауыттың құрылысын қаржыландыруды бастауға байланысты Қазақстанның Даму Банкінің баспасөз орталығында брифинг өтеді.

15.00-де «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ орталық кеңсесінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Жүнісов Алмат Асқарұлының елорданың құрылыс бизнесінің өкілдерімен есеп беру кездесуі өтеді. Отырыс барысында «Атамекен» ҰКП құрылыс индустриясындағы 2019 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелерін талқылау жоспарланған.

АЛМАТЫ

11.00-де Almaty Towers бизнес орталығында Қазақстан қор биржасы KASE-нің негізгі нәтижелері мен Қазақстан қор биржасының 2019 жылғы жұмысы туралы статистикалық ақпарат, сондай-ақ Биржаны дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру жоспарлары туралы баспасөз мәслихаты өткізеді.

11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» кітабының тұсаукесері өтеді.

12.00-де №5 қалалық клиникалық ауруханада «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» тақырыбында Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT