21 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы кезекті отырыс өтеді.

11.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Бала мерген» ертегісі қойылады.

18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Жұт» драмасы қойылады.

18.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында В. Шукшин шығармаларының желісімен «Светлые умы» қойылымы ұсынылады.

19.00-де Жастар театрында «Пранк махаббат» комедиясы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар