+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

21 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 21 қаңтар 01:03
Бөлісіңіз:
21 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) қатты жауатыны болжанады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталық пен шығыста көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, 23-28 м/с дейінгі жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, жел 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Желдің күші Түркістан облысында 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с артатыны күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болжанады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT