21 ғасырдың екінші онжылдығындағы әлемдік экономиканың болашағы бар мақсаттарын қарастыруға кірісуі қажет- Н. Назарбаев

None
None
АНА. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 21 ғасырдың екінші онжылдығындағы әлемдік экономиканың болашағы бар мақсаттарын қарастыруға кірісуі қажет.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан IV Астаналық экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Дағдарыстың әлеуетін ескеріп, одан сабақ ала отырып бізге 21 ғасырдың екінші онжылдығындағы қауіп-қатерлерді, әлемдік экономиканың болашағы бар мақсаттарын қарастыруға кірісуі қажет»,-деді Н. Назарбаев.

Дағдарыс салдарын жан-жақты тыңғылықты зерделеп, шынайы талдау қажет екеніне тоқталған Президент: «Дағдарыстан алған ең басты сабақ ол экономикалық саясаттың теңгерімсіздігіне жол бермеу»,- деді.

Әлеуметтік саясат мәселесіне тоқталған Елбасы: «Оның рөлі соңғы кезде негізсіз төмендетіліп отырды. Араб елдеріндегі оқиғалар, сондай-ақ дамыған мемлекеттердегі ахуалдар халықтың әлеуметтік жағдайына ұдайы назар аударудың өзектілігін көрсетті»,-деді. Өкінішке қарай, нарықтық күштер жұмыспен, азық-түлікпен, әлеуметтік қорғалу, тұрақтылықты теңбе-тең қамтамасыз етудің бірыңғай шешімін таппай отыр.



Мемлекет басшысының пайымдауынша, теңгерімсіздіктің нәтижесінде дамығын және дамушы экономикалардың арасындағы алшақтық орын алды. Осы тұрғыда Президент саудалық пікірталастар, валюталық келіспеушіліктер, мемлекеттердің қарыздарының өсімі, жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік аз қамтылған санының өсімі түйткілдерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар