21 ғасырда саяхат және туризм табыстың тиімді саласы - Талеб Рифаи

None
None
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 21 ғасырда саяхат және туризм табыстың тиімді саласы.

Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи мәлім етті.

Оның пайымдауынша, алдағы даму жолында саяхат пен туризм жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Дәстүрлі секторларда кемшіліктер пайда бола бастаған кезде, экономикада дамып келе жатқан сервистік сектордың жаңа толқыны бар. «Атап айтқанда спорт, туризм, мәдениет, шығармашылық салалары ауқымды жұмыстарды қажет етеді және елеулі табысты айналымға салуға қауқарлы»,-деді бас хатшы.

Бұл саланың тиімділігі жоғары екеніне тоқталған ол, «алайда біз оны толық түсініп, тани алмай отырмыз», деді.

«Мәдениет, туризм және саяхат бізге жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Бұл бағыт жаңа жұмыс орындарын құрып, табыс алуға және инфрақұрылым құруға, сондай-ақ дамудың жаңа нысандарын қалыптастыруға жағдай жасауға қауқарлы»,-деді Т. Рифаи.

Соңғы жаңалықтар