21 атыраулық қажылық сапарға аттанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қажылыққа баратындар саны жыл сайын артып келеді. 21 атыраулық ҚМДБ жанынан ашылған «Тауаф Трэвел» қажылық компаниясы арқылы қасиетті сапарға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұнайлы өлкедегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров  қажылық сапарға аттанып бара жатқан атыраулық жамағатпен арнайы жүздесіп, қадамдарына сәттілік тіледі.

Қасиетті сапарды сүннетке сай өтеп келуге тілектестігін білдірген өкіл имам Батыржан Берденұлы мұсылман қауымға парыз болған қажылықтың маңызы туралы айтып өтті.

«Қажылық - ислам дiніндегі негiзгі бес парыздың соңғысы. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана қажылық парызын өтей алады. Қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаға қажылық ету - адамдарға парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят) деп айтылса, хадис шарифте «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа Тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi (с.ғ.с) деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Қажылыққа бару» делiнген», - деп атап өтті өкіл имам.

Айта кетелік, орталық «Иманғали» мешітінде қажыларға сәт сапар тілеп, құрмет көрсету - жылдағы дәстүр. Биылғы мешіттегі басқосуға қажылық міндетін бұрын-соңды атқарған кісілер де қатысып, жерлестеріне құтты қадам тілесті. Ақ тілектер айтылған ізгі шарада қасиетті сапарға аттанушыларға бас имам батасын берді. 

Соңғы жаңалықтар