21,6 млн тонна астық бастырылды - Қарашөкеев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бастапқы салмақта 21,6 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 9 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,9 пайызға ұлғайып, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімі көлемінің 11 пайызға, мал шаруашылығы өнімінің 1,1 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда дәнді дақылдарды жинау аяқталуға жақындады. 10 қазандағы жағдай бойынша облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес 15,9 млн гектар алқаптың астығы жиналды. Гектарына 13,5 центнер орташа өнімділікпен бастапқы салмақта 21,6 млн тонна астық бастырылды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Министрді айтуынша, мал шаруашылығында ет өндіру көлемі тірідей салмақта 0,7 пайыз сиыр сүтін өндіру көлемі, тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 5,3 пайызға өсті.



Фото:gov.kz



Соңғы жаңалықтар