21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасында Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды»,-делінген хабарламада.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,-деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Соңғы жаңалықтар