+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

21-22 желтоқсанда «Ұлы Жібек Жолы Ислам мәдениеті және тұрмысы» алғашқы фотокөрмесі өтеді

2016 жылғы 20 желтоқсан 11:19
Бөлісіңіз:
21-22 желтоқсанда «Ұлы Жібек Жолы Ислам мәдениеті және тұрмысы» алғашқы фотокөрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-22 желтоқсанда Астанада Қазақстандағы алғашқы халықаралық «Ұлы Жібек Жолы Ислам мәдениеті және тұрмысы - фото өнер шеберлерінің үздік туындылары» фотокөрмесі өтеді.

Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына, «Ұлы Жібек Жолы» бастамасының 3-жылдығына арналды.

Көрмеге Қытай, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі, Бангладеш, Вьетнам және т.б. сияқты әлем елдерінен белгілі фотографтардың туындылары ұсынылады. Фотолар Ұлы Жібек жолы елдеріндегі Исламның көп қырлы әлемін паш етеді.

Көрме 21 желтоқсанда Назарбаев Университетінде, 22 желтоқсанда «Хас Санат» фотогалереясында ашылады. Ұйымдастырушылар - Қазақстан дұңған қауымдастығы, ҚХР Нинься достық және мәдениет Халықаралық Ислам Қауымдастығы, ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің қолдауымен «Жаңа Жібек жолы».

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT