2050 жылы ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нен 3 пайызды құрамақ - БҒМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2050 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нен 3 пайызды құрамақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен ғылымды дамыту мәселері бойынша өткен отырыс барысында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Қазақстан-2050» стратегиясында межеленген мақсатқа сәйкес, 2020 жылға қарай ғылымды дамытуға бөлінетін қаржыны ЖІӨ-ден 2 пайызға, 2050 жылға қарай - 3 пайызға арттыру көзделіп отыр. Ал қазір ЖІӨ-дегі ғылымды дамытуға жұмсалған шығын көлемі 0,18 пайызды құрап отыр. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш: Израильде - 4,86 %, Финляндияда - 4,01%, Швецияда - 3,75%, Жапония - 3,42%, Кореяда 3,37% пайызды құрайды», - деді министр. Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, ғылымның дамуына тұсау болып отырған бірнеше проблема бар. Қазақстанның ғылым саласы заманауи техникалармен жабдықталуы жағынан артта қалған. Ғылым институттары мен ЖОО-лардың қажетті техникамен қамтылуын қадағалау жүйесін қалыптастыру қажеттігі туып отыр. «Ғылыми жобаларды қаржыландыруға жеке сектордың қаржысын тартуда маңызды қадамдар жасалуда. Статистикаға сенсек, Қазақстандағы ғылыми зерттеулерге салынған инвестициялар ағыны 2013 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе артқан», - деді министр. ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың пікірінше, ғылымды қаржыландыру көлемін 3 пайызға жеткізу дамыған 30 елдің қатарына ену туралы мақсат үдесінен шықпақ.

Соңғы жаңалықтар